09
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Түнде тағамның бетін ашық қалдырудың екі түрлі кесірі

Түнде тағамның бетін ашық қалдырудың екі түрлі кесірі

Пәтуа all

Түнде тағамның бетін ашық қалдырмау: Халқымызда түнде тағамның бетін ашық қалдырмау дәстүрі кеңінен тараған. Аналарымыз ыдыстың бетін жабатын қақпағы болмай қалған жағдайда бетіне «Бисмиллә» деп жіңішке ағаш сиқты нәрсені болса да көлденең қоятын еді.

Жәбир (р.а) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.ғ.с): «Ыдыстарыңның (су, тамақ) бетін жабыңдар, есіктеріңді (түнде) ашық қалдырмаңдар және шырақтарыңды сүндіріңдер. Ақиқатында, шайтанға сусын беру, оған есіктерді ашу және ыдыстарды ашық (алдына тамақ жәйіп қою) қалдыру халал емес. Біреулерің ыдыстың бетін жабатын нәрсе таба алмаса, «Бисмиллә» деп ыдыстың бетіне көлденең бір нәрсені қойсын...» [12, 1277 б.] десе, тағы бір хадисте: «Ыдыстарыңның бетін жабыңдар. Расында, бір жыл ішінде оба ауыруы жүретін бір түн бар. Бұл оба ауыруы тек ашық ыдыстағы тағамдарға түседі» [12, 1279 б.] – деген.

Хадистерде түнде тағамның бетін ашық қалдырудың екі түрлі кесірі баяндалады. Әуелі: лағынеті шайтанды адал асқа араластырмау. Екіншісі: жылдың бір түнінде тарайтын оба ауыруынан сақтандыру. Демек, түнде беті ашық қалған тағамды «бисмиллә» деп жей беруге болады.

материал «Үкім аяттардың тәпсірі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: