01
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Көзден шыққан жас дәретті бұза ма?

Көзден шыққан жас дәретті бұза ма?

Пәтуа all

Адамның дүние мен ақиретке қатысты әлдене үшін көзіне жасы алуы дәретті бұзбайды. Себебі, жастың дәретті бұзатынын баяндайтын ешқандай үкім жоқ.

Намазда рухани дүниелерді ойлап жылаудың намазға да, дәретке де зияны жоқ. Бұл қайта құптарлық жайт. Сахабалардың айтуынша, Аллаһ елшісі намазда буырқанған сезімдеріне ерік беретін. Ол кейде іштей тынып, кейде солқылдап, өксіп жылаған. Хазірет Омардың жылағаны саптың артқы жағына да естілген екен. Хазірет Омар, Жақып пайғамбардың (а.с.) «Мен қайғы-мұңымды бір Аллаға шағамын және Алладан сендер естіп білмеген нәрселерді білемін», – деген аятты оқығанда, көз жасын тыя алмағанын және артындағы жамағаттың да онымен бірге тұнжырап, қамыққаны айтылады.

Иә, жүрек шынайылық пен адалдықтың тұғыры болғандықтан шынайылықпен кемелдене түседі. Көз жасы адамның Жаратқанға бір табан жақындауына қолғабыс жасайды. Алла тағала да өзіне жақындаудың жолын қарастыруды бұйырып: «Уа, иман еткендер, Алладан қорқыңдар! Оған жақындаудың жолын қарастырыңдар әрі Оның жолында күресіңдер! Сонда (азаптан) құтылуларың кәдік», – дейді. Пайғамбарымыз тағы бір хадисінде күнәсі үшін кешірім тілеп, жылаған көздің тозақ отынан аман қалатынын айтады.

Дегенмен, намаз үстінде дүниеге алаңдаудан, бастан кешкен қиындықты еске түсіріп, қамығудан шыққан жас намазды бұзады.

материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: