06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Ішімдікпен емделудің үкімі

Ішімдікпен емделудің үкімі

Пәтуа all

Төрт мәзһаб имамдарының пәтуасы бойынша, ішімдіктің кез келген түрімен емделу және осы мақсатта (бір дәріні ерітуде, тағамда) пайдалану харам.

Өйткені Алла елшісі (аләйһис-саләту уәс-сәләм): «Алла сендер үшін харам еткен нәрселерде шипа жаратқан емес», – дейді. Бір кісі Пайғамбарымызға «мен шарапты емдік мақсатта пайдаланып жүрмін» дегенде, ол: «Ол ем емес, керісінше, дерт», – деп жауап береді.

Бірақ Ханафи мәзһабында егер шипа беретіні айқын білінетін болса және оның орнын алмастыратын басқа бір дәрі табылмаған жағдайда, онда спирт қосылған яки спирт арқылы ерітілген дәріні пайдалануға болатыны айтылады. Бірақ, бұл әлбетте зәру жағдайда ғана. Егер шипа болатыны күмәнді болса, онда болмайды. Сондай-ақ, Шафиғилер де ішімдік бір дәрінің ішіне араласып, алайда сіңіп жоғалып кетпейтіндей болса ғана оның харам болатынын алға тартқан. Яғни, басқа дәрі табылмаған жағдайда ішіне қосылған спирті еріп басқа нәрсеге айналған немесе мүлде сіңіп жоғалып кеткен дәріні пайдалануға болатынын айтады.

материал «Отбасы өзіңнен басталады

(отбасы бақытына арналған 33 кеңес)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: