Тірі жәндіктерді өртеуге тыйым

Тірі жәндіктерді өртеуге тыйым

Пәтуа all

Әл-Бұхаридің «Сахихында» Пайғамбар (с.а.с.) алғашқы кезде өртеп өлтіруге рұқсат еткен, бірақ кейін Алланың бұйрығына толық сәйкес келуі үшін, олай етуге тыйым салғаны туралы хабарланады.

Ибн Аббас (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «(Ешкімді) Алла Тағала жазалайтын тәсілмен жазаламаңдар, – деді», – деген.

Мейірбан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл өсиеті жандырғыш бомбаларды пайдаланбау туралы көптеген мемлекеттер орындамайтын, қағаз жүзінде ғана пайда болған халықаралық келісім-шарттардан жүздеген жыл бұрын айтылған-ды.

Исламда отқа жағуға салынған тыйым тек адамдарға ғана емес, жан-жануар, құрт-құмырсқа мен барлық жәндіктерге де қатысты. Абдуллаһ ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): «(Бір күні) Пайғамбармен (с.а.с.) бірге өртелген құмырсқа илеуінің қасынан өттік, Алланың елшісі (с.а.с.) қатты ашуланып: «Шындығында, адамдар ешкімге аса Құдіретті де Ұлы Алланың жазасын қолданбауы тиіс», – деді», – деген.

Міне, осы себептен ғұламалардың барлығы жәндіктерді де өртеп өлтіруге қарсы болған. Ибраһим ән-Нахағи: «Шаянды өртеу оның бейнесін бұзумен тең», – деген.

Умму Дәрда бүргені отқа тастауға тыйым салған. Ал имам Ахмад: «Әлі өлмеген балықты отқа қуыруға болмайды», – деген. Ол сондай-ақ: «Шегірткені отқа қуыру – үлкен зұлымдық емес, өйткені онда қан жоқ», – деген.    

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: