28
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Борсықтың майын ем ретінде ішуге бола ма?

Борсықтың майын ем ретінде ішуге бола ма?

Пәтуа all

Борсық – жұмыр денелі, сүт қоректі, сусар тұқымдас жыртқыш аң.

Жалпы атам қазақ борсықты жақсы аңға баламаған. Мысалы, ел арасында «борсықтай ұрған сайын семіреді» деген мақал, «борсықша сорды» деген тіркестер қолданылады. Тіпті ауыспалы мағынада: «Ел үстінен күн көрген арамтамақ» деп айтылған. Ендеше, ежелден қазақ халқы борсықтың таза жануар еместігін жақсы білген. Ал бір хайуанның еті харам болса, оның майы да харам болмақ. Ендеше, борсықтың майы адал емес. Ал «борсықтың майынан өзге дертке шипа боларлық зат таппасақ қайтеміз?» деп сұраушыларға айтарымыз, дәл мына заманда оның орнын басатын өзге дәрі-дәрмек жоқ деудің қисыны келмейді деп есептейміз.

материал «Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: