27
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Нанды бір қолмен үзбеуге қатысты дін не дейді?

Нанды бір қолмен үзбеуге қатысты дін не дейді?

Пәтуа all

Нанды бір қолмен үзбеу мәселесіне қатысты риуаят кездестірмедік.

Бірақ, «нанды құрметтеңдер» деген Пайғамбарымыздың сахих хадисі бар[1]. Басқа бір риуаятта Алла елшісі (с.а.у.): «Нанды құрметтегенді Алла да құрметтейді» дейді[2]. Қазақ ұлтының да нанға деген құрметі ерекше. Нан қоқымын баспау, жерде жатқан нанды алып жоғарыға қою, нанның үстіне ештеме қоймау сияқты тәлім-тәрбиелер сол құрметтен туындаған дүниелер. Соның ішінде нанды бір қолмен үзбеу тыйымы да «нанға құрмет» түсінігінен бастау алады. Біздің әдет-ғұрыпта себепсіз нанды бір қолмен үзу кесірліктің, нанкөрліктің нышаны ретінде қарастырылады.  

Тоқ етерін айтқанда, аталмыш тыйымды әдет-ғұрыпқа сүйенеді десек те, түбі жоғарыда келтірілген хадистер аясына кіргізуге болатындығы анық. 

[1] Имам Бухари: әт-Тарихуль Кәбир. №966 хадис.
[2] Табаранидің хадистер жинағынан. Әлсіз хадис. 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: