Шаш пен тырнақ мәселесі жайында ғалым Хафиз былай дейді:
«Мен Имам Ахмедтен: «Адам алынған шашы мен тырнағын не істесін, оларды көму керек пе, әлде лақтырсын ба?» – деп сұрағанымда, Ол маған: «Көмсін. Өйткені, Әзіреті Омар оларды көметін. Сондай-ақ, ардақты Пайғамбарымыз да: «Дуалаушылар дуалап тастамасын, шаш пен тырнақты көміңдер», – деген»[1]. Ендеше, алынған тырнақ пен шашты көмген ұнамды іс. Дегенмен, міндетті түрде көму шарт емес. Қоқысқа тастауға да болады. Тіпті, алынған шашты өртеп жіберсе де күнәсі жоқ. Бірақ, тырнақты көне көз қарияларымыз отқа тастамауды кеңес ететін.
[1] Фатхуль Бари, либас, Тақлимуль Азфар.
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz