26
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Nike, аdidas, рuma белгілері бар киімдерді киюге бола ма?

Nike, аdidas, рuma белгілері бар киімдерді киюге бола ма?

Пәтуа all

Шариғатта «әл-Аслу филь әшя ибаха» делінген қағида бар.

Мағынасы: «Әр нәрсенің негізі ол – мубахтық». Яғни, әр нәрсенің негізі мубахтыққа қаланған. Әлдебір нәрсенің шариғатқа қайшы келер тұсы немесе залалды екендігі анықталмайынша, үкімі мұбах болады.   

Осы қағидаға сүйене отырып, Nike, Аdidas, Puma белгілері бар киімдерді киюдің діни тұрғыда ағаттығы жоқ деуге негіз бар. Әрине, егер әлдебір компания өзінің шығарған өнімдерінде дінімізді қор көрсететін кейбір әрекеттерге жол беретіндігі белгілі болса, әрбір мұсылман ондай компанияның өнімін тұтынудан бас тартып, байкот жариялауына құқылы. 

(Адидас атауы – негізін қалаушы Адольф Дасслердің аты мен тегінің қысқартылып алынған түрі (Аdidas). Баста «Addas» теп аталып, кейіннен «Adidas»қа өзгереді. Puma – Адольф Дасслердің бауыры Рудольф Дасслер тарапынан құрылған компания атауы. Пума – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Nike – ежелгі грек мифологиясындағы Ники атты жеңіс құдайының есімімен тікелей байланысты.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: