Адам баласы жасайтын әрбір амалы үшін, кішісі болсын, үлкені болсын екі сұраққа жауап беруі тиіс. Яғни, «не үшін жасап жатырмын?» және «қалай жасап жатырмын?» Біздің жасап жатқан қай амалымызға Алла тағала разы, қай амалымызға наразы?
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Шүбәсіз, Аллаһ Тағала сендерден үш нәрсеге разы болады, ал үш нәрсеге наразы болады.
Разы болатыны:
1. Тек өзіне ғана ғибадат ету;
2. Оған ешбір нәрсені серік қоспау;
3. Алланың жібіне (дініне) берік болып, бөлінбеу.
Наразы болатыны:
1. Өсек айту;
2. Қажетсіз көп сұрақ қою;
3. Мал-мүлікті ысырап етіп, шашу.
Мүслим: «Ақдия», 10; Мәлик: «Муатта», «Кәләм», 20; Ахмад ибн Ханбал: «Муснәд», ІІ, 327, 360, 367.