25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Жындарға неге өз түрінен пайғамбар келмеген?

Жындарға неге өз түрінен пайғамбар келмеген?

Ислам тарихы

Жындар да адамдар сияқты мүкәлләф жаратылыс. Олар да Алланың әмірлеріне бағынып, құлшылыққа жауапты болып, оларға да тура жолға шақыратын пайғамбарлар жіберілген. Жындардың жаратылуындағы мақсатты «Аллаға құлшылық» екендігін баяндаған аятта («Зарият», 51/56) назарға алатын болсақ, оларға осы бұйрықты жеткізетін, құлшылықтың қалай жасалатындығын үйрететін пайғамбарлардың келгендігі ақылдың шарты саналады.

Пайғамбарлардың осы уағыздарының нәтижесінде кейбірі иманға келіп, кейбірі бас тартқан. Құран және сүннеттегі деректерге сүйене отырып ислам ғалымдары жындарға да пайғамбарлар жіберілгендігіне бір ауыздан келіседі. Осы орайды Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) адамдармен қатар жындарға да жіберілгендігі белгілі.

Бірақ, Құран аяттары мен пайғамбарлар тарихын қарайтын болсақ, әр қауымға өз тетігінен пайғамбарлар жіберілген. Адамдарға адам тегінен пайғамбарлар жіберілгендігіне қарап, жындарға да өз тегінен пайғамбарлардың жіберілуі керектігін ойлауымызға болады. Алла тағала: «Ей, жын және адам қауымдары! Өз араларыңнан сендерге аяттарымды түсіндіретін, ескерту жасайтын пайғамбарлар келген жоқ па? («Әнғам», 6/130) деу арқылы жындарға да өз тегінен пайғамбарлардың жіберілгендігін білдіреді.

Екінші жағынан, пайғамбарлардың міндеті тек қана тәблиғ жасаумен шектелмейді. Сонымен қатар, қауымына жеке өзі әкелген діннің іс жүзінде қолданыс табуына байланысты үйрету міндеті де бар. Құранда әртүрлі ұлттарға жіберілген пайғамбарлардың сол қауымының өз араларынан таңдалғандығы және солардың тілінде сөйлегендігі ашық баяндалады. Жындарға жіберілген пайғамбарлардың өз тектерінен болуы және жындардың тілінде сөйлейтін болуы да әбден мүмкін.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жындардың да пайғамбарлары болуы және оларға да тәблиғ жасауы мәселесіне келетін болсақ, бұның ерекше құбылыс екендігі анық. Жалпы алып қарағанда діннің жындар мен адамдарға үйрететін, талап ететін іс-әрекеттері бірдей болып келеді. Ал Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с) осы ерекшелігі үшін «расул-с-сакалейн» (жындар мен адамдардың пайғамбары) деген мәртебе де берілген.

Бұл жалпыға ортақ ереже ретінде емес, пайғамбарымызға (с.ғ.с) тән қасиет деп түсінген жөн. Басқаша айтқанда, жындар қауымына да адамдарға келгеніндей өз тетіктерінен пайғамбарлар жіберілген. Алайда, соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) өзіне берілген ерекше мәртебенің арқасында адамдар мен жындарға қатар пайғамбар болған. Бұл да оның басқа пайғамбарлардан артықшылығын білдіреді.

«Қазіргі сенім мәселелері» кітабынан

ummet.kz

Бөлісу: