20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Пайғамбарға (с.ғ.с) Миғраж түні берілген сый

Пайғамбарға (с.ғ.с) Миғраж түні берілген сый

Ислам тарихы

Алла қаласа, алдағы наурыз айының 10-нан 11-не қараған түн – қасиетті Миғраж түні. Барша мұсылман қауым Исра мен Миғраж оқиғасынан аз да болса хабардар. Себебі бұл оқиға сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ең үлкен мұғжизаларының бірі болып табылады.

Миғраж түнінде пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) Меккедегі әл-Харам мешітінен Құдыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады. (Түнгі сапар арабтарда «исра» деп аталады). Одан миғражға («Миғраж» – көтерілу деген мағына береді) – жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесті, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі – аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді.

Алла Елшісі (с.ғ.с) сүйікті жары Хадиша анамыз (р.а) бен көкесі Абу Талиб қайтыс болғаннан кейін Алла Тағала Оның (с.ғ.с) көңілін жұбату үшін Миғражға шығарып, қайтарында сүйікті Пайғамбарына (с.ғ.с) тамаша үш сыйлық жасады. Бұл туралы Абдулла ибн Масғуд (р.а) Миғраж кеші туралы айтып келіп:

 «... Сөйтіп Алла елшісіне (с.ғ.с) үш сыйлық тарту етілді, олар: бес уақыт намаз, «Бақара» сүресінің соңғы аяттары, үмметінен кімде-кім қанша үлкен күнә жасаса да, бірақ Аллаға серік қоспаған болса, оған (ертелі-кеш) кешірім жасалатыны туралы сүйінші». (Муслим).

ummet.kz

Бөлісу: