17
Жұма,
Мамыр

һижри

Мәзһаб имамдары туралы сахих (сенімді) хадистер

Мәзһаб имамдары туралы сахих (сенімді) хадистер

Ислам тарихы

Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) имамдарымыздың атын атап, түсін түстеп көрсеткен ешқандай хадисі жоқ. Бірақ, «ишара» ретінден айтылған хадистер бар.

 

ИМАМ ӘБУ ХАНИФА ТУРАЛЫ

Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер де дін Сураия жұлдызында болса, мыналардан болған (парсылардан) бір адамдар (не бір адам) оған қол жеткізеді», – дегенін жеткізген.  [Сахих Бұхари 4897, Сахих Мүслім  2546].

Имам әс-Суютый аталмыш хадис туралы: «Бұл хадисте айтылған адамды ғалымдар бірауыздан Имам Ағзам Әбу Ханифа екенін мойындаған», - деген.

 

ИМАМ МӘЛІК ТУРАЛЫ

Әбу һурайра (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдар ілім іздеу үшін сапарға шығатын уақыт таяп қалды. Алайда, олар мәдиналық ғалымнан артық білімді ешкімді таба алмайды», – дегенін жеткізген. [Тирмизи 2680, Имам Ахмад «Муснад», Имам ибн Хиббан «Сахих»]

Осы хадисті жеткізушілердің бірі Суфиян ибн Уяйнадан хадистегі мәдиналық ғалымның имам Мәлік екендігі, ал басқа риуаятта оның Абдулазиз әл-Омари екендігі жеткен.

Алайда, Омар ибн әл-Хаттабтың ұрпағынан болған Абдулазиз ибн Абдулла тақуалықта көзге түсіп, ал білім-ғылымда имам Мәліктей болмағанын ескерген ғалымдар, хадисте айтылған адам имам Мәлік деп келіскен.

 

ИМАМ ШӘФИҒИ ТУРАЛЫ

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті хадисінде: «Құрайыштарды сөкпеңдер! Расында, осы рудан жер бетін біліммен толтыратын ғалым келеді», – деген. [Абу Асым, «Сунна» 2/637, Байһақи «Мағрифа» 1/206]

Ғалымдар: «Бұл жерде Алла елшісі құрайыш руынан болған Имам әш-Шафиғиді меңзеп жатыр, өйткені құрайыштардан одан асқан ғалым болмаған», – деп тұжырымдайды.

Имам Ахмад ибн Ханбал: «Егер маған біреу сұрақ қойса және ол сұрақтың жауабын білмесем, онда оған имам Шәфиғидың айтқанындай жауап беремін.  Себебі, ол –  құрайыш руынан.  Ал Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Құрайыштарды сөкпеңдер! Расында, осы рудан жер бетін біліммен толтыратын ғалым келеді», – деген хадис риуаят етілген», - деген. [Хафиз аз-Захаби «Сияру-а’лям ан-нубуля»].

материал «Ислам дегеніміз не?» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: