04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Жұма күні қайтыс болған адам Жәннаттық бола ма?

Жұма күні қайтыс болған адам Жәннаттық бола ма?

Ислам тарихы

Сахаба Абдулла ибн Ъамрдің риуаят етуі бойынша, Алла елшісі (с.ғ.с) былай дейді:

«Қайсыбір мұсылман жұма күні күндіз немесе түнде қайтыс болса, Алла ол пендені қабір азабынан (фитна) құтқарады». [1]

Ғалымдар былай дейді: Жұма – тозақ есіктері жабылып, оты сөнетін күн. Алла тағала кімнің жанын жұма күні алған болса, қабірдегі өмірінің баянды өтетіндігіне дәлел. Бұнымен қатар, жұма күні қайтыс болған кісілерге берілетін сауаптың дәрежесі - Алла жолында шейіт болғандардың сауабымен пара-пара[2].

Ендігі жерде қабір азабынан құтылды деген сөз – қиямет күні пейішке кіреді дегенді білдіреді ме? Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің асыл сөзінде:

«Қабір – ақірет өмірінің әуелгі сатысы. Қабір азабынан құтылған адам, одан кейінгі (ақірет) өмірінде де  жеңілдік көреді. Ал, құтыла алмаса, (ақіреттегі) өмірі қабірдегіден де қиын болмақ», - деген [3]. 

Айтылған хадистерден мынадай қорытындыға келуге болады: Жұма күні қайтыс болған кісі Алланың қалауымен қабір азабынан құтылып, қияметте жұмаққа кіреді.

 

[1] Тирмизи – №1080 хадис

[2] Тухфатул Әхуази – №1080 хадис түсіндірмесі

[3] Тирмизи №2410 хадис

 

Абдусамат Қасым

Бөлісу: