16
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Рамазанда сізді Аллаға жақын ететін амал

Рамазанда сізді Аллаға жақын ететін амал

Ислам тарихы

Рамазан айының Аллаға жақындай түсуге жол ашатын құлшылық науқаны екендігі әркімге белгілі.

Бұл маусымда истиғфарын көбейтіп, күнәсін дұғасымен кетірген пенделердің Алланың үйіне қарай ағылып жататындығы көз қуантады.

Рамазанда тиісті болған міндетін атқарып, Алланың разылығына жетемін деуші бұл айды Құранмен өткізуі қажет. Сондай бір берік байланыс орнатуға деген ұмтылыс айы. Қызығы, келтірілген аят Мединеде түскен. Бұл уақытта сахабалар Исламның көптеген тақырыптарымен танысып, Құран аяттарын оқып, жаттап, амал жасап жүрген болатын. Десе де, Алла Тағала Рамазан айын таныстырғанда Құранмен де таныстырады. «Құран – басшылық әрі тура жол және ақиқат пен жалғанды ажыратушы». Сөзсіз, бұл уақытта кәлиманы айтып, иман келтірген әрбір мұсылман Құранның адамзаттың бағдаршамы, шамшырағы екендігін білетін. Ғалымдар мұндағы даналықты «Бұл аятта Алла Тағала Құранды жаңадан таныстырғандай, біз де Рамазанда Құранды жаңадан ашқандай кейіпте, алғаш оқығандай әсерде болып, сондай жаңа, сондай таза қарым-қатынас орнатуымыз қажет» деп тәпсірлеген. Бейне бір алғаш рет ой жүгіртіп, түсінгендей халде... Және бұл керемет!

Егер біз дәл осылай, Алла күткендей қадам жасар болсақ, Алла Елшісі (с.ғ.с) уәде еткендей Рамазанда күнәларымыздың кешірілуінен үміт етеміз. Құранмен басталған жаңа қарым-қатынастай күнә дақтарынан арылған құдды бір жаңа өмірдің басталатындығына кәміл сенеміз!

ummet.kz

Бөлісу: