26
Жұма,
Сәуір

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) атынан жалған сөйлеудің жазасы

Пайғамбардың (с.ғ.с) атынан жалған сөйлеудің жазасы

Ислам тарихы

Қазіргі таңда көп адамдар дінді қосып, әдемі, көркем тілмен сөйлеймін деп күнәға батып жатады. Көпшілігі Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін сөзге тұздық етіп алады, бірақ өз сөздерімен, өздеріне ыңғайлы етіп, өзгертіп айтады.

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде-кім менің атымнан жалған сөйлейтін болса, жаһаннамдағы орнын дайындай берсін» немесе басқа бір риуаятта: «Кімде-кім менің атымнан қасақана жалған сөз айтса, жаһаннамдағы орны дайын деп білсін» деген  (Бухари).

Табаны күректей он жыл бойы Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  қызмет жасаған Әнәс ибн Мәлік те (оған Алла разы болсын): «Егер қате жіберем деп қорықпасам, Алла Елшісінен мұнан да көп хадис жеткізер едім», – деген (Дарими).Хадис пен сүннеттің маңыздылығын жете түсінген әрі хадисте баяндалғандай, періштелердің ілім иелерінің жолына қанаттарын төсеп, құрмет қылатынын жақсы білетін сахабалар әр хадисті сөзбе-сөз жаттап, оның мағынасын түсіну үшін өз араларында пікір таластырып, содан кейін ғана басқаларға айтатын (Тирмизи). Тағы бір хадисінде: «Маған өзі өтірік санайтын нәрсені жеткізуші, өтірікшілердің бірі саналады» делінген (Муслим). Сондықтан да, өзіңізге жеткен ақпаратқа амал етпес немесе өзгеге жеткізбес бұрын міндетті түрде рас-өтірігін анықтап алыңыз.

ummet.kz

Бөлісу: