20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бүгін – Мұхаррам айының алғашқы күні

Бүгін – Мұхаррам айының алғашқы күні

Ислам тарихы

Һижра күнтізбесіндегі айлардың ең алғашқысы, яғни жылды бастап тұрғаны – Мұхаррам айы.

 «Мұхаррам» сөзі «тыйым салынған» деген мағынаны білдіреді.

Алла Тағала «Тәуба» сүресінің 36-аятында: «Алланың Кітабындағы айлардың саны – он екі. Бұлардың төртеуі қасиетті. Міне осы – берік дін. Ендеше, бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер! ...Алланың тақуалармен бірге екенін біліңдер», - деген.

Ғалым әл-Қуртуби харам айлары (яғни қасиетті айлар) жайлы айтылған бұл аятты: «Алла Тағала харам айларын ерекше құлшылықпен өткізуді және ол айларда зұлымдыққа жол  бермеуді бұйырған», -  деп тәпсірлейді.

Әбу Зәррдан (р.а) жеткен хадисте ол былай деген: "Мен: "Уа, Алланың елшісі, түннің қай мезгілі қайырлы және айлардың қайсысы абзал?" - деп сұрадым. Ол: "Түннің ортасы қайырлы, ал айлардан сендер Мұхаррам деп атап жүрген Алланың айы абзал", - деп жауап берді. (Тәзкиратул-Хуффаз) 

Белгілі ғұлама  Хасан Басри және өзге ғалымдар: "Харам айларының ішіндегі ең абзалы – Алланың айы Мұхаррам", - деген пікір айтқан. Кейінгі ғалымдар да осы ұстанымды дұрыс деп тапқан.

Муслимнің "Сахих" жинағындағы Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен хадисте: "Оразаның Рамазаннан кейінгі абзалы – Алланың айы Мұхаррамдағы ораза, ал намаздың парыздардан кейінгі абзалы – түнгі намаз", - деп айтылған.

ummet.kz

Бөлісу: