03
Жұма,
Мамыр

һижри

Мұхаррам айының артықшылықтары

Мұхаррам айының артықшылықтары

Ислам тарихы

Мұхаррам айы – Рамазан айынан кейінгі тұратын ең құрметті ай болып есептеледі. Бұл ай һижри жыл санау айының басы. Дінімізде бұл ай соғыс харам қылынған айлардан болып есептеледі. Ашура күні болса Мұхаррам айының 10-шы күні болып табылады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл айда ораза тұтуға ишарат еткен:

Әбу һурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі: Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): " Рамазаннан кейін оразалардың ең абзалы Алланың мұхаррам айы (оразасы) " - деген. Имам Муслим риуаят еткен.

Әлидан (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі: Бір кісі одан " Рамазаннан кейін қайсы айда ораза тұтуыма бұйырасыз?" - деді. Ол кісі (Әли (Алла оған разы болсын)) оған: Ешбір кісінің бұл жайлы сұрағанын естімедім. Тек қана бір кісінің Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сұрап жатқанын естідім. Мен отырған едім, ол кісі: Ей, Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , Рамазаннан кейін қайсы айда ораза ұстауға бұйырасыз?"- деді. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): " Егер Рамазаннан кейін ораза ұстамақшы болсаң, Мұхаррам айында ұстағын. Өйткені, ол Алланың айы, онда бір қауымның тәубесін қабыл еткен және басқа қауымдардың да тәубесін қабыл етті", деді", деп жауап берген. (Имам Тирмизи риуаят еткен).

Бүгін Мұхаррам айының алғашқы күні! Мұхаррам айы мүбәрак болсын ағайын!

ummet.kz

 

Бөлісу: