26
Жұма,
Сәуір

һижри

Салауат айтудың артықшылығы қандай?

Салауат айтудың артықшылығы қандай?

Ислам тарихы

Аса Рақымды, Мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Қысылған кеудеге кең тыныс алдыратын, қайғы-мұңды келтіретін, ашуды басатын себептердің бірі – пайғамбарға (с.ғ.с)  салауат айту. Қасиетті Құран әмірі бойынша мұсылман адамға өмірінде бір мәрте болса да Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айту — міндет. Ал, күнделікті айтып жүру мұстахап амалына жатады. Алла Тағала Пайғамбарды (с.ғ.с) мейріміне бөлеп, періштелері де оған жақсылықтар тілейді.

Сондықтан да Алла Тағала иман келтіргендердің Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтуын бұйырды:

Алла Тағала Қасиетті Құранның «Ахзаб» сүресінде:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا

«Оған салауат айтып, ықыласпен сәлем жолдаңдар»,- деді.

Салауат – дұға, тілек деген мағынаны білдіреді. Араб тілінде намазды да «Салят» деп айтады. Өйткені, намаз – ең үлкен дұға.

Тирмизидің «Сүнән» хадис жинағында баяндалғандай Үбай ибн Кағб бірде Пайғамбарға (с.ғ.с): «Уә, Алланың Елшісі, сізге дұға еткенде салауаттф қаншалықты айтайын?» - дегенде, ол: «Қалауың білсін», - деді. Сонда Үбай ибн Кағб: «Төрттен бірін бе?» - дегенде ол: «Қалауың білсін, егер артығырақ айтсаң өзің үшін жақсы», - деді. Кағб: «Жартысынан көбін бе?» - дегенде, ол: «Өзің білерсің, егер арттырсаң қайыр бар», - деді, Кағб оған: «Ал толығымен сізге салауат айтсам ше?» - деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ендеше, күнәларың кешіріліп, қайғың кетеді», - деген екен.

Расында Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтудың ең толығы намаздағы: «Уә, Алла Тағалам! Ибраһим және оның отбасына игілік еткендей Мұхаммедке және оның отбасына да игілік ет. Шың мәнінде Сен аса мақтаулы әрі жоғарысың. Уә, Алла Тағалам! Ибраһим мен оның отбасына береке бергеніңдей, Мұхаммедке және оның отбасына да береке бере гөр. Шың мәнінде Сен мақтаулы әрі жоғарысың», - деген салауат екені белгілі.

Мына бір хадисте Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айту қағыны кетіретін растайды. Адамзаттың асылы (с.ғ.с) бір хадисінде:

«Маған салауат айтыңдар. Өйткені, маған бір рет салауат айтып, мен үшін Алла Тағаладан мейірім тілегенге он есе мейірім тілегенге он есе мейірім көрсетіледі».

Тағы біреуінде: «Маған салауаттарыңды жұма күні мен түні көбейтіңдер! Өйткені салауаттарың маған жетеді», - дегенде, сахабалар олан: «Сіздің денеңіз шіріп кетсе қалай жетеді?» - деп сұрайды. Ол Алла Елшісі (с.ғ.с): «Расында Алла Тағала жерге пайғамбардың денелерін шірітуін харам еткен», - дейді. Егер кім оның көрсеткен нұрлы жолымен жүріп, соңынан ерсе, онда бұл еруі көңіліне кеңдік, қадірінің өсуі және жақсы ат бермек.

Алла Тағала Мұхаммед Пайғамбарды (с.ғ.с) жақсы көріп, аспандағы періштелеріне оны мақтайды. Періштелер де оны дәріптеп, ол үшін аса ұлы Алла Тағалаға дұға жасайды. Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларға Пайғамбар үшін қалай дұға, тілектер жасауды үйреткен. Оның бірнеше түрі бар. сондай дұғалардың бірі: «Оған Алла Тағаланың сәлемі мен игілігі болсын» - деген тілек. Бұл аяттағы Алла Тағаланың салауат айтуының мағынасы: «Аланың рақымы, мейрімі дегенді білдіреді. Ал періштелердің салауат айтуының мағынасы: періштелердің Алланың құлдарына жасаған истиғфары, жарылқау тілеуі дегенді білдіреді. Алла Тағалаға иман келтіргендердің салауат айтуының мағынасы: мұсылмандардың жасаған дұғалары дегенді білдіреді.

Ибн Ато Алла Елшісіне (с.ғ.с) салауат айтудың маңыздылығына қатысты былай деген: «Дұғаның қабыл болуы үшін: ықылас, шынайылық, жүрек тазалығы, дұғалар қабыл етілетін уақыт және дұғаның басында, ортасында әрі соңында Пайғамбарға салауат айтылуы қажет».

Абдулла ибн Масғұд былай деген: «Сендердің біреулерінің мұқтаждығы болып, Алла Тағаладан сұраса, дұғасын Алла Тағалаға лайықты түрде мадақ айтудан бастасын, сосын барып Пайғамбарға салауат айтып, қажетін тілесін. Дәл осылай жасау Алла Тағаланың алдында қабыл болуға лайықтырақ».

Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айту шариғатқа уәжіптік күші бар амал. Ол діндегі құлшылықтың бітіспес бір бөлшегіне айналған. Намазда, қажылықта, Құран оқығанда, сөз бастағанда, аяқтағанда, мәжілісте, мешітке барарда, қатты күйзелгенде, Алла Тағаладан кешірім сұрағанда, үйге кірерде, бір нәрсені ұмытып есіне түсіре алмағанда, ұйықтағанда, ашуланғанында, ал ла Тағаланы еске алғанында өмірдің қай жағдайындаболса да, Алла Тағаланың Елшісін (с.ғ.с) еске алып, оған салауат айтуымыз тиіс екен. Әлбетте ол кісінің бізге мұқтаждығын білдірмейді. Керісінше біздің сол салауат арқылы дәрежеміз көтеріледі. Үлкен сауапқа кенелеміз. Қиямет күні Пайғамбардың (с.ғ.с) шапағатына ие боламыз.

Абу Дардадан риуаят етілген хадисте, Алла Елшісі (с.ғ.с) айтты: «Кімде-кім Маған ертелі-кеш он мәрте салауат айтатын болса, Алла Тағалаға ол адамды қиямет күнінің ұлы қағысынан аман сақтап, нығметіне бөленген пайғамбарлар мен, шыншылдар қатарында тірілтеді».

Әнас ибе Малик риуаят иеткен хадисте былай делінген: «Кімде-кім Маған бір мәрте салауат айтатын болса, Алла Тағала оған он салауат айтады. Ал егер, он салауат айтатын болса, Алла Тағалаға оған жүз салауат айтады. Ал енді, жүз салауат айтқан кісіге, Алла Тағала мұнафықтан және тозақ отынан сақтайтын екі қорған нәсіп етеді де қиямет күні шаһиттермен бірге тірілтеді»

Алла баршамызға Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) шапағатына ие болуды нәсіп етсін!

Әйкерім Қайратқызы,

«Нұр-Астана» мешітінің ұстазы

Бөлісу: