29
Жұма,
Наурыз

һижри

Мұсылманның мұсылмандағы отыз ақысы

Мұсылманның мұсылмандағы отыз ақысы

Ислам тарихы

Хазірет Әлиден (р.а.) риуаят етілген мына бір хадиске назар аударайық:

«Мұсылманның мұсылманда отыз ақысы бар. Бұлар жүзеге асырылмайынша, не кешірілмейінше, оған амандық (құтылу) жоқ». Мұсылманның отыз ақысы мыналар:

Сəлемін алу;

Көмектесу;

Үнемі жақсылық жасау; Айыбын жасыру;

Мұсылман бауырының қателігін кешіру;

Жылағанда жұбату;

Қателігіне көз жұму;

Кешірім сұраса, кешіру;

Реті келгенде ақылын айту;

Қал-жағдай сұрасу;

Жақсылығын жақсылықпен қайтарып, алғысын айту;

Жоғалтқанын тауып алса иесіне беру;

Тапсырмасын орындау;

Жəбір көргенді құтқару;

Бергеніне разы болу;

Достығына сызат түсірмеу;

Уəде де тұру;

Ауырып қалса көңілін сұрау;

Жаназасын шығару;

Шақырғанда бару;

Сый-сияпатын алу;

Бауырының халалына (жарына) қарамау, өзгені де қаратпау;

Туыстарына мейірбан болу;

Тек жақсы сөз айту;

Беретінін бөлек қою;

Залымды зұлымдығынан тыюға көмектесу;

Зорлық көргенге жақсылық жасау;

Өсектемеу, өсектетпеу жəне біреулер өсектеп жатса тыңдамау;

Түшкіргенде «ярхамукаллаһ» (Алла сені жарылқасын) деу; Өзі үшін тілегенін оған да тілеу;

Бұлардың біреуін тəрк етсе, қиямет күні мұсылман бауыры одан осы ақысын сұрайтын болады».

Кісінің, менше, балам, хақын жеме,

Түбінде жарамайды жегіш неме.

Тірі күнде құтылдым қарызымнан,

Артымнан «əкем айтпай кетті» деме.

(Əріп Тəңірбергенов, (1856-1924)

материал «Ала жіпті аттама» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: