13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Мұсылманға сәлем беру және мұсылманның сәлемін алу

Мұсылманға сәлем беру және мұсылманның сәлемін алу

Ислам тарихы

Мұхаммед ибн Зияд былай әңгімелейді:

«Бір күні Әбу Үмәма екеуміз қол ұстасып, үйге бірге қайттық. Ол жол-жөнекей кездескен мұсылманы бар, христианы бар, үлкені бар, кішісі бар – бәрімен: «Ассалаумағалайкүм!» – деп ауыз жаппай амандасып, сәлемдесіп келді. Үйінің алдына келгенімізде маған: «Жиенім! Алланың елшісі бізге сәлемдесуді әдетке айналдыруымызды әмір еткен болатын», – деді».

Сәлман (р.а.) былай әңгімелейді: «Бір адам Алла елшісіне: «Ассалаумағалайкүм, уа, Алланың елшісі!» – деп сәлем берген еді, Алла елшісі: «Уағалайкүмүссәләм уа рахматуллаһи уа баракатуһ», – деп жауап берді. Шамалы уақыттан кейін тағы бір кісі: «Ассалаумағалайкүм, уа, рахматуллаһ», – деді. Алланың елшісі оған да: «Уағалайкүмүссәләм, уа, рахматуллаһи уа баракатуһ», – деп жауап қатты. Одан кейін тағы біреу: «Ассалаумағалайкүм уа рахматуллаһи уа баракатуһ», – деп амандасып еді, Алланың елшісі: «Уа алейкә (саған да дәл солай болсын)», – деп жауап берді. Әлгі адам: «Уа, Расулалла! Менен бұрын Әбу Үмәманың әдеті Мұхаммед ибн Зияд былай әңгімелейді: «Бір күні Әбу Үмәма екеуміз қол ұстасып, үйге бірге қайттық. Ол жол-жөнекей кездескен мұсылманы бар, христианы бар, үлкені бар, кішісі бар – бәрімен: «Ассалаумағалайкүм!» – деп ауыз жаппай амандасып, сәлемдесіп келді. Үйінің алдына келгенімізде маған: «Жиенім! Алланың елшісі бізге сәлемдесуді әдетке айналдыруымызды әмір еткен болатын», – деді».

Сәлман (р.а.) былай әңгімелейді: «Бір адам Алла елшісіне: «Ассалаумағалайкүм, уа, Алланың елшісі!» – деп сәлем берген еді, Алла елшісі: «Уағалайкүмүссәләм уа рахматуллаһи уа баракатуһ», – деп жауап берді. Шамалы уақыттан кейін тағы бір кісі: «Ассалаумағалайкүм, уа, рахматуллаһ», – деді. Алланың елшісі оған да: «Уағалайкүмүссәләм, уа, рахматуллаһи уа баракатуһ», – деп жауап қатты. Одан кейін тағы біреу: «Ассалаумағалайкүм уа рахматуллаһи уа баракатуһ», – деп амандасып еді, Алланың елшісі: «Уа алейкә (саған да дәл солай болсын)», – деп жауап берді. Әлгі адам: «Уа, Расулалла! Менен бұрын келген адамдарға берген жауабың әлдеқайда жақсы еді ғой», – деді. Алланың елшісі: «Сен маған еш мүмкіндік қалдырмадың ғой! Алла тағала: «Сендерге сәлем бергенде, оған оның берген сәлемінен де жақсы жауап беріңдер», – деген. Сондықтан мен сенің берген сәлеміңе қарай жауап бердім», – деді».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: