11
Сенбі,
Мамыр

һижри

Сахабалардың құр білімге қарағанда амалға зор мән беруі

Сахабалардың құр білімге қарағанда амалға зор мән беруі

Ислам тарихы

Әнәс (р.а.) былай дейді: «Қалаған білімдеріңді үйреніңдер. Бірақ біліп қойыңдар, білгендеріңмен амал жасамасаңдар, сауап ала алмайсыңдар».

Али (р.а.) былай дейді: «Уа, білім иелері, білімдеріңді іске асырыңдар. Нағыз ғалым адам үйренгендерін өмірінде іске асырады. Оның алған білімі іс-әрекетіне қайшы келмейді. Жақын келешекте білімдері кеңірдектерінен ары аспайтын адамдарды көресіңдер. Олардың сырты бүтін болғанымен іші түтін. Бастары құрала қалса, бір-біріне кеуде қағып мақтанумен болады. Ол ол ма, олардың кейбіреулері жолдасының өзін тастап, басқалармен бірге отырғанына да іші күйіп, ашуланады. Олардың бұл тірлігі құмға сіңген судай зая кетіп, сауапқа ие болмайды».

Муаз ибн Жәбәл (р.а.) былай дейді: «Қалаған білімдеріңді алыңдар, бірақ сол білімдеріңмен амал жасамасаңдар, Алла сендерге білім қазынасының есіктерін бұдан былай ашпай қояды».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: