25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Матуридидың шын аты-жөні қандай?

Матуридидың шын аты-жөні қандай?

Ислам тарихы

Əбу Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед – өз есімімен қоса Шейх, Шейху-л ислам, Имаму-л Һуда (тура жол көсемі, Һидаят көшбасшысы), Алəму-л Һуда (тура жолға бағыттаушы, Һидаят туы), Раису мəшаайихи Самарқанд (Самарқанд шейхтерінің басшысы), Имаму Əһли ас-сунна (Əһли сүннет имамы) жəне Имамуль-мутакаллимиин (Кəламшылар имамы) деген сияқты лақап аттармен де кеңінен танылған.

Сондай-ақ, кей дерек көздерінде оның аты көбіне «Əбу Мансур əл-Матуриди», «Əбу Мансур əс-Самарқанди», «Əбу Мансур əл-Матуриди əс-Самарқанди», «аш-Шейх Əбу Мансур» жəне «ашШейх əл-Имам Əбу Мансур əл-Матуриди» деп те кездеседі.

Осы мəліметтердің барлығын жинақтай келе, ғалымның толық аты-жөнін Əбу Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмуд əл-Матуриди əс-Самарқанди деп түйіндеуге де болады.

материал «Матуриди ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: