26
Жұма,
Сәуір

һижри

Сөз өнері тұрғысынан Құранның мұғжизалығы

Сөз өнері тұрғысынан Құранның мұғжизалығы

Ислам тарихы

Сөйлемнің сөз бен мағына жағынан сәйкестігі: Құранның барлық сүрелерінің арасында планеталардың өзара тартылысы тәрізді бір-бірімен тығыз байланысы бар. Сонымен қатар аяттардың да өзара іліктестігі, тіпті, әрбір аяттың әріптерінің де ара-қатынастары дәл сондай. Осы тақырыптағы айтылатын мәселе әрбір аят-сөйлемнің сөз бен мағына жағынан сәйкестігі.

Яғни, Құранның бір аятының қамтыған мағына мен мақсатын сол аяттың әрбір сөзі де өз алдына жеке-дара қамтыған. Мысалы, «Әнбия» сүресінің қырық жетінші аятын алып қарайық. «Егер оларға Раббыңның азабынан болмашы бір леп тисе «әттеген-ай, шынында біз өз-өзімізге зұлымдық жасаған екенбіз» дейді». Хақ Тағала осы аятында өзіне қарсылық білдірген кәпірлердің көретін азабының қаншалықты қорқыныштылығын білдірген.

Сондықтан бұл аяттың мағынасы, азаптың ең жеңіл түрі адамға мұншалықты қатты тисе, жаһаннамның ауыр азабы қандай болмақ деген ой тастайды. Міне, осы аяттағы жалпы мағына «аз азап» болса, осы аяттың әрбір сөзі де аздық мағынасын білдіріп, жалпы аяттың мағынасын қуаттап, толықтырып тұр. Енді осы аятты жеке-жеке талдап көрейік. «егер) шек пен аздыққа ишарат етеді. «массә» етістігі азғана тию, қолының  ұшымен жай ғана тиіп қалу мағынасын білдіреді. Яғни, бұл да аздықты көрсетеді. «нәфха» сөзі жай ғана соққан лепті білдіреді. Бұл да аздықты көрсетіп тұр. Әрі осы сөз бір рет болу формуласымен жасалған. Ендеше, осы тұрғысынан да аздықты көрсетеді. «мән» қазақшада -дан, -ден, -тан, -тен жалғауы болып, тұтас бір нәрсенің бір бөлігі мағынасына келгендіктен аздықты білдіреді. «Азап» сөзі арабшадағы басқа азап сөздерінің синонимдерінің ішіндегі «аз жаза» мағынасын білдіретін сөз. Бұл да аздықты көрсетіп тұр. «Раббика» (сенің Раббың) сөзіндегі «Рабб» тәрбие етуші, өсіруші, рақымына бөлеп, қысылғанда жәрдем етуші деген сөз. Алла Тағаланың Қаһһар, Жаппар, есімдерінен қарағанда Раб сөзі мейірім-шапағатты сездіреді.

Бұл да азаптың болмашылығын білдіріп, болмашы азап мағынасын ерекше түрлендіріп тұр. Яғни, осыншама болымсыз, бір ширек азап тиген жанның құтын қашыратын болса, илаһи ауыр азаптың қаншалықты қорқыныштылығын есептей беріңіз. Бұл аяттағы кішкене бөліктер бір-біріне жалғасып бір-біріне жәрдем етуде. Негізгі мақсатты әрбірі өз мағынасымен қуаттап тұр. Аяттағы жалпы мазмұн аздықты білдірсе, ондағы әрбір сөз, тіпті әрбір әріптер де аздықты айқындап тұр. Яғни, мұндағы әрбір әріптер де таңдалынып алынған. Барлық әріптердің дыбыстығы мен айтылуы жағынаннәзіктікті білдіріп, аяттың мағынасын қуаттап тұр. Ендеше, бұл сөздер адам баласының қолынан келетін іс емес. Сол сияқты Құранның барлық аяттары да дәл осылай өз ішіндегі сөздері мен әріптерімен тығыз байланысады. Міне, осыншалық дәлдікпен, тең өлшеммен айтылған аяттарды хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) тосыннан келген мәселені шешуде, яки кенеттен қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы оқыған. Ендеше, Құран адам сөзі емес.

материал «Мәңгі мұғжиза» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: