20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Құран – күллі заманға тосын жауап

Құран – күллі заманға тосын жауап

Ислам тарихы

«Әсбабун-нузул» яғни, Құран аят, сүрелерінің түсу себептеріне қатысты ғылым саласы аяттың қандай мәселеге байланысты түскенін зерттейді.

Пайғамбарымызға кез келген уақытта адамдар келіп, бір мәселе жайында үкім, жауап сұраған. Мысалы, Мәдинада еврейлер хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) келіп, рух, Зұлқарнайын т.б. қиын сұрақтар сұрап, мүдіртуге тырысқан. Сол сияқты кез келген уақытта мұсылмандар одан харам, адал т.б. шариғаттық үкімдер сұраған. Әрі оларға дер кезінде берілген үкімдердің сол заманмен ғана шектеулі емес, қияметке дейінгі жаңа заман мәселелерін шешетін деңгейде болуы керек. Міне, хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) осылардың бәріне түскен аяттар арқылы жауап берген. Егер Құран адамның сөзі болса, кез келген сұраққа нақты жауап беруі, кез келген мәселеге лайықты заң шығарып, сол қойылған заңдардың ешбірінің де сынға ұшырамауы, тіпті олардың кейінгі ғасырлардың да мәселесін шешуге лайық болуы әсте мүмкін емес. Әрі хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) кейбір сұрақтарға жауап беруін кешіктіруі оның пайғамбарлығына дәлел.

Хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) ешуақытта жорамал жасамаған. Оның жауаптары еврейлер мен христиандардың тіпті сол заман перзенттерінің бұрын-соңды естімеген, әрі жоққа шығара алмайтын ақиқаттар еді. Ал, оның бір мәселеге байланысты сол замат қойылған ұстанымы мен заңдары кейінгі Имам Шафиғи, Әбу Ханифа секілді мыңдаған ғұламалардың ілімдерінің қайнар көздері саналып, сол ұстаным мен қағидаларды негіз етіп, олар өз заманындағы жаңа мәселелерге қатысты заң шығарған. Әрі ешбір дана-ғұламалар сол умми кісінің қолындағы кітабында айтылған пәтуалардың ешқайсысына сын айтпаған. Қайта сол заңдарды өмір-бақи зерттеп, терең түсінуге тырысқан. Ендеше, қияметке дейінгі ғұламаларға ұстаздық еткен умми кісінің қолындағы кітап жай кітап емес, Ұлы Жаратушының кітабы. Умми кісі де Оның жіберген елшісі. Сөз түйіні осыған тоқтайды.

материал «Мәңгі мұғжиза» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: