28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Адамдардың махшарға жиналу сипаты

Адамдардың махшарға жиналу сипаты

Ислам тарихы

Адамдар махшарға жалаңаш, жалаңаяқ, сүндеттелмеген күйде жиналады.

Ибн Аббас (Алла әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, сендер (сол күні) жалаңаяқ, жалаңаш, сүндеттелмеген халде жиналасыңдар», – деп: «Әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл – Бізге бір міндет. Шынында, Біз орындаймыз», – деген аятты оқыған. Айша анамыз (Алла оған разы болсын) бұл сөзді естіген кезде: «Уа, Алланың елшісі! Еркек-әйелдің барлығы (сол кезде) бір-біріне қарайды ма?» – деп сұрайды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Ей, Айша! (Ол кездегі) жағдай олардың бір-біріне қарауларынан ауырырақ болады», – деп жауап берген екен.

Кейбір хадистерде әрбір адам өлген кездегі киімімен қайта тіріледі деген хабар бар. Әбу Сағид әл-Худри (Алла оған разы болсын) өлім үстінде жатқанда, жаңа киім алдырып киіп: «Мен Алла елшісінің (с.а.с.): «Мәйіт өлген кездегі киімінде қайта тіріледі», – дегенін естігенмін», – депті.

Алайда кейбір ғұламалар: «Ақыреттегі киіну – өлген кездегі киімде немесе кебінде қайта тіріледі дегені емес, бәлкім, өлген кездегі иманына байланысты киінеді», – дейді.

материал «Ақырет өткелдері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: