11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сахабалардың әдемілік пен дүниелік нәрселерге қызықпауы

Сахабалардың әдемілік пен дүниелік нәрселерге қызықпауы

Ислам тарихы

Мұсылман әскері Нуғман ибн Муқарриннің қолбасшылығымын Исфаханға жорыққа шыққанда, мұсылман қолы мен Исфахан арасын бір ғана өзен бөліп тұрған болатын. Мұсылмандар ол жаққа елші етіп Муғира ибн Шуғбаны жіберді. Осы оқиғаның ары қарай қалай өрбігенін Осман ән-Нәхдидің аузынан естиік:

«Муғира (р.а.) көпірден өткеннен кейін, парсылар көпірді алып тастап, Муғираның әрмен қарай жүруіне жол бермей, оны ұстап алды. Сарайға кіргізу үшін Рүстемнен рұқсат сұрады. Парсылар мұсылмандардың мысын басқысы келгендей малына киініп алады. Бастарында тәжі, үстерінде алтынмен зерленген шапан. Сарайға келген қонақтар үшін ат шаптырым жерге ұзынынан кілем төсеп тастайды. Сарайға шашын төрт өрім қылып өріп келген Муғира Рүстем отырған тақтың бүйіріне жайғасты. Әскерлері оның бұл әрекетін шектен шыққан әдепсіздікке балап, жан-жақтан пыш-пыштап, Рүстемнің есін шығарды. Муғира өзінің сабырлы қалпын сақтап, сөз бастады:

– Сендер жайында айтылып жүрген аңыз-әңгімелерге қанықпыз. Сендерден өткен ақымақ бір қауым жоқ шығар деп ойлайтынмын. Біз сендер секілді бір-бірімізге құл-құтан деп қарамаймыз. Алайда мен сендерді біз секілді адамдарға жәрдемші болады, әділдік жасайды деп ойлаушы едім. Араларыңдағы қарым-қатынасқа қарасам, әлділерің әлсіздерді езіп-жаншып, қанауды әдетке айналдырған екенсіңдер. Мына істеп отырғандарың мүлде дұрыс емес. Біз сендердің істегендеріңді істемейміз. Негізінде, мен сендерге өздігімнен келген жоқпын. Мені өздерің шақырдыңдар. Мен бүгін сендердің соңдарыңның жақсы болмайтынын ұқтым. Мына ақылдарыңмен және осы беттеріңмен кете беретін болсаңдар, мына салтанаттарыңның төбесі ойылып ортасына түседі.

Осыларды естіп отырған күзетшілер:

– Құдай ақы, мына араб дұрыс айтып отыр, – деді. Осыларды бағанадан байқап, бақылап отырған әскербасылары да:

– Құдай ақы, бұл кісінің әлгі айтқан сөздері қызметшілеріміздің өзін баурап алды. Алла аталарымыздың жазасын берсін. Арабтарды кемсітіп қандай ақымақтық жасаған! – деді».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: