27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Құрандағы қанағаттың сыры

Құрандағы қанағаттың сыры

Ислам тарихы

Он сегіз мың ғаламды Жаратқан Алла әрбір жаратылысының не қылып, не қойғанын һәм жан дүниесіндегі сезімдерді толық біледі. Яғни адамзат баласына не керектінің барлығы қасиетті Құранда бар.

Алланың рас сөзінде адамзаттың түгелдей болмысы қамтылған. Тіпті кейде Құран оқу арқылы пенде өзі білмейтін, көзбен көріп қолмен ұстап сезе алмайтын жан әлемінің сырларына бойлайды. Әрбір мінездің, қылықтың һәм бойындағы түгесілмес қарым-қабілеттер мен қасиеттердің қайдан бастау алатынын мағынасы түгесілмес Құран аяттарынан көреді. Хакімдер, ғалымдар, әулиелер осы бір иләһи сыйдың қадірін біліп, күн демей, түн демей оқып нәр алған. Сүрелердің мағыналарына терең бойлау арқылы рухтанып хакім атына ие болғандары да жоқ емес. «Менің хикметтерімнің мәні – Құран» деген. Яссауи бабамыз, қасиетті Құранның осынау телегей-теңіз мағыналары жайында мына аят баян етеді: «(Уа, Мұхаммед!) «Егер Раббымның сөздерін жазу үшін теңіз суы сия болса, тіпті, оған тағы сондай бір теңізді қоссақ та Раббымның сөздері аяқталмай тұрып, теңіз суы таусылып қалар еді» («Кәһф» сүресі, 109-аят). Иә, Құран болмаса, сөздің қатасы көбейіп, атас ыөлер еді.

Қанағат Алланың кітабында астарлы түрде бірнеше жерде айтылған. Соның екеуіне тоқталып өтейік. Жаратушы Алла Тағала былай дейді: «Мейлі ер болсын, әйел болсын, кімде-кім мүмін ретінде (Алланың разылығына бөлейтін) сауапты да игілікті істер атқарса, Біз оған міндетті түрде пәк әрі жақсы өмір сыйлаймыз» («Нахыл» сүресі, 96-аят). Хазіреті Әли аяттағы жақсы өмірді қанағатшылдық деп түсіндіреді (имам Табари). Сахабалардың көзін көрген табиғин Хасан әл-Басри де: «Пәк әрі жақсы өмір деп қанағатшыл болуды айтамыз», - дейді.

Басқа бір аятта Жаратушы Алла «Егер олар кедей болса, Алла шексіз шарапатымен оларды қамсыздандырады», - дейді. («Нұр» сүресі, 32-аят). Атақты тәпсірші Бағауи аяттағы қамсыздықты қанағатшылдық деп түсіндіріп, мәнін ашады.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: