15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Ыбырай Алтынсарин: «Жаназама 100 адам қатыссын»

Ыбырай Алтынсарин: «Жаназама 100 адам қатыссын»

Ислам тарихы

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылдың 17 шілдесінде 48 жасында дүниеден өтті. Ол туралы «Оренбургский листок» газетінен «Дала уәлаятының газетіне» көшіріп басқан қазанамада Ы.Алтынсариннің ұзаққа созылған өкпе ауруынан қайтыс болғаны айтылған. Ауырған кезінде ешкіммен сөйлеспеген күйі үнсіз жатыпты.

Тек жастығының астынан Құдайға жалбарынып, Құранның бір сүресін еске алып, жанына батқан ауруға медет тілеп жазған бір тілім қағаз табылыпты деседі. Жанында болған адамдар «жаназама 100  кісі қатыссын» деп өсиет айтқанын жеткізген. Өзі айтқанындай, Ыбырайдың жаназасына адам көп жиналған. Тіпті қаладан орыс достары арнайы келіп, кейін Ильминский «Ыбырай Алтынсарин туралы есте қалғандардан» атты кітабын Қазан баспасынан шығартады. Осының өзі Ыбырайдың халық ішінде қаншалықты құрметті адам болғанын көрсетсе керек.

Ыбырай Айғаныс атты жұбайынан екі ұл, бір қыз сүйген. Ұлдарын Алланың сүйікті есімдерімен Абдолла, Әбдірахман деп атасы, қызына Шәрипа деген ат беріпті. Әбдірахман мен Шәрипа жастайынан қайтыс болып, Абдолла ғана қалады. 1928 жылдары бай тұқымы ретінде қудаланған Абдолла Қырғызстанға қоныс аударып, сонда 52 жасында қайтыс болған. Ал одан қалған Нағима атты қыз 1959 жылы қырғыз елінен Қазақстанға көшіп келіп, 1998 жылы 82 жасында дүниеден көшкен.

Өмірін қазақ балаларының оқуына, білім алуына арнап, отбасылық тіршілігіне онша көңіл бөлмеген Ыбырайдың кіндігі осылай үзілді… Бірақ әр оқыған қазақ өзінің Ыбырайдың мұрагері екенін білер ме екен, білмес пе екен…

материал «Тұлғалар өміріндегі Ислам» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: