28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Жәннаттықтардың бір-бірімен достық сұхбат құруы

Жәннаттықтардың бір-бірімен достық сұхбат құруы

Ислам тарихы

Жәннаттықтар бас қосып, достық сұхбат құрады. Алла тағала: «Олардың кеуделеріндегі кекті шығардық. Туыс болып тақтардың үстінде бір-біріне қарсы отырады»; «Олар бір-біріне қарама-қарсы отырып хал сұрасады. Расында, біз бұрын (дүниеде) отбасымызда да қорқушы едік. Сондықтан Алла бізге игілік етті де, заһарлы азаптан қорғады. Расында, біз бұрын Аллаға жалбарынушы едік. Өйткені Ол – игілік Істеуші, аса Мейірімді», – деседі» , – деген.

Олар фәни дүниеде адасқан таныстарын еске алады. Алла тағала бұл жайлы: «Олар қарама-қарсы отырып сұрасады. Олардан бір айтушы: «Расында, менің бір ағайыным бар еді. (Ол маған): «Шын-ақ растаушылардансың ба? Өліп, топырақ және сүйек болсақ та, жазаға тартыламыз ба?» – дейтін. Оны көргілерің келе ме?» – дейді де, қарап оны тозақтың ортасында көреді де: «Алламен ант етейін! Мені де жоқ ете жаздадың. Егер Раббымның игілігі болмаса, әрине, мен (тозаққа) келтірілгендерден болар едім», – дейді. (Сонда жәннаттықтар): «Біз өлмейді емеспіз бе? Тек алғашқы өліміміз болмаса. Біз азапқа да душар болмаймыз. Шын мәнінде, бұл (жәннат) – зор табыс», – (дейді). Ендеше, амал істеушілер амал қылсын», – деген.

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: