25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Ең алғаш Қағбада ашық түрде Құран оқыған сахаба

Ең алғаш Қағбада ашық түрде Құран оқыған сахаба

Ислам тарихы

Сахабалар (радиаллаһу анһум) бір күні оңаша бір жерге жиналып:

«Уаллаһи, Расулулладан басқа мына құрайыштық мүшріктерге Құран кəрімді ашықтан-ашық оқып, тыңдата алатын адам шықпады. Оларға ашық түрде Құран кəрімді оқып, тыңдататын адам бар ма?» - деп өзара əңгімелесіп отырды. Сол жерде Абдулла бин Мəсуд хазреттері де бар болатын. «Мен тыңдатамын»,- деді ол.

Сахабалардың біразы: «Ей, Абдулла! Саған мүшріктер бір зиянын тигізе ме деп қорқамыз. Біз керек кезінде өзін мүшріктерден қорғай алатын тайпасы мен қауымы бар адамды қалаймыз» - дегенде «Сіздер маған рұқсат беріңіздер, барып көрейін. Хақ тағала мені қорғайды»- деп табандылық танытты. Ертеңіне Абдулла бин Мəсуд хазреттері сəске уақытында Қағба маңайындағы мақами Ибраһим деген жерге барды. Мүшріктер сол жерде жиналып отырған болатын. Абдуллаһ бин Мəсуд (радиаллаһу анһ) түрегеп тұрып «бисмиллə» айтып, «Рахман» сүресін оқи бастады. Мүшріктер бір-біріне: «Үммү Абтың баласы не айтып тұр? Мұхаммедтің əкелген нəрселерін оқып тұрған шығар» деп оған бассалды. Жұдырықтап, ұрып-соғып бет-аузын адам танымастай етті. Бірақ, ол сонда да оқи берді. Жара-жара болып сахабалардың қасына оралды. Сахабалар бұған қатты ренжіді. «Біз сенің осындай жағдайға ұшырауыңнан қорққан едік. Ақыры солай болды»,- деді олар. Бірақ, Абдуллаһ ибн Мəсуд (радиаллаһу анһ) еш ренжіген жоқ: «Алла тағаланың дұшпандарын мен сол күнгідей əлсіз екенін көрмедім. Қаласаңдар ертең тағы да сонша тыңдата аламын»,- деді. Сахабалар «Жоқ, саған осы да жетеді. Ол азғын кəпірлерге қаламаған нəрсесін тыңдаттың»,- деді.

материал “Хазреті Мұхаммед алейһиссаламның өмірі”кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: