28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Науқас адам жан тапсырарда не істеуі керек?

Науқас адам жан тапсырарда не істеуі керек?

Ислам тарихы

Науқас адамның көңілін сұрауға барып, ол үшін тәубе, кешірім тілеу керек, қасында жақсы нәрселер айту керек, кәлима шахадат оқылуы тиіс. «Сендер бір науқастың немесе өліктің қасында болған кезде жақсы нәрсе айтыңдар. Ақиқатында періштелер сендердің ол жерде айтқандарыңа әмин дейді» (Мүслим, Жәнаиз 3; Әбу Дәуіт, Жәнаиз 19).

Өлім жақындаған адамның аузы мен тамағы шөлдеп кеуіп кетеді. Өзі су сұрай алмайды. Ал, шайтан оның иманын алу үшін бір кесе су көрсетеді.

Науқас иманын берсе, су беретінін айтады. Осы себепті науқастың шөлін қандыру керек.

Жан тапсырғаннан кейін мәйітке мыналарды жасаған жөн:

Көзін жабу, жағын байлау: Қан айналымы тоқтайтындықтан, көз жабылмай, жағы босап қалады. Бұл көрініс оның жақындарына психологиялық тұрғыдан әсер етіп, сонымен қатар жақтың ашық қалуы мәйітті жуу барысында мәйіттің аузына су кіруіне себеп болады.

Киімдерін шешіп, үстін жабу: Өлген адамның киімдерін дереу шешпесе, жоғарыда айтқандай кейін қиындап кетуі мүмкін.

Мәйітті кебіндеуге асығу: Мәйітті жуу және кебіндеу мәселелерін көп кешіктіруге болмайды. Осы істерден кейін оның өлгенін жариялау керек.

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: