01
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Жұмақта әйелдер бала босана ма?

Жұмақта әйелдер бала босана ма?

Ислам тарихы

Хақ Тағала әйелді ер адамның өмірлік жолдасы ретінде екеуі бірге бақытты болсын деп жаратқан. Әйелдің бұл дүниедегі міндеттерінің бірі – дүниеге бала әкелу, ана атану. Алғашқы әйел хазірет Хауа ана да – ана. Әйелдің тоғыз ай, он күн қиындықпен дүниеге әкелген баласы – адамның көз қуанышы, көңілінің жұбанышы.

Халқымыз алтын асыққа теңейтін балалар әрине жұмақта болады. Негізінде, жұмақ ұрпақ көбейтетін, бала табатын орын емес. Дүниелік өмірде бақыттың себебі болған баланың, көбеюдің жұмақта болып-болмайтындығы – таласты мәселе. Бірақ, бұл дүниеде болған әртүрлі нығметтің шынайысы жұмақта болатыны білдірілген, осыған орай әрине ол жерде дүниенің нығметі болған балалардың да болу қалыпты. Бірақ қиындық тудыратын болғандықтан, болмайды деген көзқарас басым.

«Оларға (жұмақтықтар үшін) алтыннан табақтар, кеселер ұсынылады. Сондай-ақ, онда көңілдері қызығатын, көздері қуанатын нәрселер бар. Сондай-ақ, онда көңілдері қызығатын, көздері қуанатын нәрселер бар. Сендер онда мәңгі мекендейсіңдер. Міне, осы сендердің амалдарыңменен мұрагер болған жәннат» («Зухруф» сүресі, 71-72-аяттар).

Бірқатар аяттар мен хадистерге қарасақ, қалаған адамға балалар беріледі. Бірақ, қиындық тудыратындай емес. Балаларды иіскеу, тамашалау, сүю үшін беріледі. Жұмақтықтардың айналасында әрдайым шашылған інжудей болып балалар мен қызметшілер жүреді.

«Жұмақтықтардың баласы болмайды (ол жерде бала туу жоқ)» (Тирмизи, Жәннат, 23).

Жұмақта шаршау, қиындық келтіретін жүктілік, соған байланысты ұйқы дегендер жоқ. Жұмақта қиындық келтіретін нәрселер болмайды.

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: