14
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Жұмақта адам жас бола ма, қартайған түрде бола ма?

Жұмақта адам жас бола ма, қартайған түрде бола ма?

Ислам тарихы

- Жұмақтық болып өмірден өткен жанның жасы қаншада болса да, жұмаққа 30 жастағы адам болып кіреді әрі осы жастан мәңгі өзгермейді. Тозақтықтар да осындай» (Тирмизи, Жәннат 23).

- Әрдайым денсаулықтарың мықты болып, ешқашан ауырмайсыңдар. Қартаймайсыңдар. Нығметке бөленіп, қиындық шекпейсіңдер. (Мүслим, Жәннат 22)
- Уақыт ұғымы осы өмірге тән жаратылған нәрсе. («Хаж» сүресі, 47 аят)

- Біздің миллиондаған жылымыз Алла үшін бір сәт. (Тирмизи, Әбу Дәуіт, Илим 3)

- Пайғамбарымызға (с.а.у) қартайған бір әйел келіп: «Уа, расулалла! Аллаға дұға етіңізші, маған жұмақты нәсіп етсін...» дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ей, пәленшенің анасы! Күмәнің болмасын, ешқандай қартайған әйел жұмаққа кірмейді» дейді. Әйел жылап кетіп қалады. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ол әйелге айтыңдар, мұндай қартайған түрде жұмаққа кірмейді (уыздай жас қалпында кіреді). Өйткені Алла Тағала: «Біз ол жердегі (жұмақтағы) әйелдерді жаңадан қалыптастырдық. Оларды ер көрмеген қыздар еттік («Уақиа» сүресі, 35-36 аяттар)» деген. Осылайша, Пайғамбарымыз (с.а.у) әзілдесе де, шындықты айтқан еді.

- Хазірет Пайғамбардың (с.а.у) айтуы бойынша, ақыретте адамдар 30 немесе 33 жас түрінде тірілтіледі. Аяттардың көрсетуі бойынша, ең жас және әдемі кезіндегі қалпымен кіреді. Ол жерде қартаю болмайды. Қартаю уақытқа қатысты нәрсе болғандықтан, ақыреттегі уақыт ұғымы бұл дүниедегі уақыт ұғымына ұқсамайды.

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ » кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: