29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Жан тапсырарда Әзірейіл көріне ме, көрінсе қалай көрінеді?

Жан тапсырарда Әзірейіл көріне ме, көрінсе қалай көрінеді?

Ислам тарихы

Иә, жан тапсырған адам ажал періштесін көреді. Соқыр адамдар да көреді.

«Айт, сендердің жандарыңды алу тапсырылған ажал періштесі (Әзірейіл) жандарыңды алады, сосын Раббыларыңа қайтарыласыңдар» («Сәжде» сүресі, 11-аят), «Соңында сендердің біріңе өлім келген кезде жіберген періштелеріміз оның жанын алады және олар қызметтерінде еш кемшілік жасамайды» («Әнғам» сүресі, 61-аят). Барлық адам міндетті түрде ажал періштесін көреді. Ажал періштесі баршаның зәресін ұшырады. Кәпір әрі күнәһарларға қорқынышты, мүміндерге әдемі түрде көрінеді. «Ол сондай тақуалар, жақсы жағдайда періштелер жандарын алып: «Сендерге есендік болсын, амалдарыңа орай жәннатқа кіріңдер» дейді» («Нахл» сүресі, 32-аят).

Әзірейіл ол кісінің сүрген өміріне қарай лайықты бір кейіпте келеді. Әркім жақсылықтары мен күнәларына қарай қай деңгейде болса, Әзірейілмен сол деңгейде кездеседі. Мысалы, мүміндерге басқаша түрде келсе, кәпірлер мен мұнафықтарға қорқынышты түрде келеді. Ажал періштесін көргенде, бұлардың зәресі қалмай қорқады. Сосын Әзірейіл қорқынышты түрде келіп, адамның жанына отырады және оның жан дүниесіне қарап, соған сай қарым-қанынас жасайды.

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: