03
Жұма,
Мамыр

һижри

Туылған нәрестені шайтанның түртуі

Туылған нәрестені шайтанның түртуі

Ислам тарихы

Адам баласының табиғаты қатпар-қатпар тылсымға толы. Оның болмысы өте тамаша жаратылған. оның тұла бойында бірқатар рухани һәм физикалық механизмдер мен сезімдер бар.

Бұлардың бәрінен хабардар шайтан адам баласы жүрген барлық жерге мұрнын тығуға тырысады. Тіпті адам жүрмекші болған барлық жолда оның алдынан шығуды мақсат етеді. Біреуінде болмаса әйтеуір бірінде оның аяғын тайдырып, омақаса құлатуды көздейді. Алланың тура жолында кесе-көлденең отырып алып адамды өткізбеуге тырысады. Осы жайлы шайтанның сөзі аятта былай берілген: «Мен де оларды тынбай азғырып, адастыру үшін Сенің тура жолыңа кесе-көлденеңдеп отырып аламын. Содан кейін олардың кейде алдынан, кейде артынан, кей кезде оң жағынан, кей кезде сол жағынан келіп азғырамын» («Ағраф», 16, 17). Шайтан өз жоспарын жүзеге асыруды уақыт жоғалтудан бастайды. Адам баласы ана жатырында түскен сәттен бастап оған қол салғысы келеді. Сол үшін Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізге: «Сіздердің біріңіз әйеліне жақындаспақ болса, «Бисмиллә, Аллаһуммә жәннибнәш-шайтана уә жәннибиш-шайтана мә разақтанә» деп айтсын. Егер осы (төсек қатынасының нәтижесінде) араларында бала пайда болса, ол балаға шайтан ешқашан зиянын тигізе алмайды» деп кеңес берген. Себебі ерлі-зайыптылар қосылмақшы болған сәттен бастап жын-шайтандар араласатын орта туындайды. Егер жоғарыдағыдай дұға болмаса, шайтанның кесір-кесапаты ата-анаға және олардан пайда болатын балаға да тиюі мүмкін, әсіресе жатырдағы шаранаға әсер етуі мүмкін. Әбу Һурайра (радиаллаһу анһ) Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адам баласынан туылған әрбір нәрестені шайтан (сұқ) саусағымен түртеді. Осы себепті нәресте шыр етеді. Тек Мәриям бинт Имран мен оның ұлы Иса бұдан тысқары» деген хадисті жеткізген соң, «қаласаңдар, мына аятты оқыңдар» деген: «Мен оны һәм ұрпағын рақымыңнан қуылған шайтаннан сақтай көр деп, бір Өзіңе сиынамын» («Әли Имран», 36) деп, анасы әзірет Мәриямға жүкті болған кезінде, Алла тағаладан оны қорғауын сұрап, дәл осылай дұға еткен болатын.

Қади Иядтың пікірінше, Иса пайғамбар мен оның анасы әзірет Мәриямға қатысты айтылған бұл жағдай күллі пағамбарларға да қатысты. Иса пайғамбар мен әзірет Мәриямға тиіспеген шайтанның ғаламның мырзасы Мұхаммед Мұстафаға да (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тиіспейтіні анық.

Ардақты Пайғамбарымыз хабар берген бұл ақиқаттың медицина тұрғысындағы түсіндірмесі былай: «Босанатын кезде, баланың өкпесі ауасыз қалады. Құрсақтағы бала оттегі мен басқа азықтарын алу үшін анаға тәуелді болғандықтан, оларды планцета арқылы алады. Бала дүниеге келген соң ананың жатыры планцетамен жалғасқан тұсы тарылып, баланың оттегі алуы қиындай түседі. Баланың терісіне салқын ауаның тиюі және құрғауы, қандағы оттегінің аздығы, іштегі қысым мен сырттағы қысымның әртүрлі болуы тыныс алу орталығын қозғалысқа түсіреді. Сөйтіп, тыныс алуға қажеттілік пайда болады. Бала бастапқы кезде жоғарғы тыныс алу жолымен тоқтаусыз 4-5 рет тыныс алып, дем шығарады. Ол бала жылаған кезде жүзеге асады.

материал «Әзәзіл шайтаннан сақтан» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: