16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Бір тәулік аштықты қалай өткеруге болады?

Бір тәулік аштықты қалай өткеруге болады?

Ислам тарихы

Ашығу емі деген не? Ол – белгілі бір мерзім аралығында ішіп-жеуден бас тарту арқылы емделу тәсілі. Аштықпен емдеу «Арылту-диеталық терапиясы» (разгрузочно-диетическая терапия – РДТ) ретінде медицина ғылымының емдеу-сауықтыру орталықтарында қолданысқа еніп кеткелі қашан.

Ғылыми негізі де әлдеқашан дәлелденген. Тіршілік иелерінде ауырып не жараланғанда тамаққа тәбеті тартпайтын қасиет бар екендігі белгілі. Оған ағзадағы сақтану түйсігі итермелейді. Ондайда (жай кезде ас қорытуға жұмсалатын) өмірлік қуат жараланған орынға шоғырланып, сол жерді барлық зиянды заттардан аластайды, денені тазартады. Демек, ашығу арқылы аурудан арылу, денені улы заттардан тазарту – о бастан барлық тіршілік иелеріне тән қасиет.

Бір тәуліктік аштық ертеңгі астан ертесі күнгі ертеңгі асқа дейін немесе кешкі астан ертесі күнгі кешкі асқа дейін жүзеге асады. Бұл уақыт аралығында дистилляцияланған судан басқа ешқандай тағам қабылданбайды. 24 сағаттық бұндай аштық кезінде дисстиляцияланған су толы кесеге бір шай қасық лимон шырынын не шынашақтай бал қосу денедегі улы заттардың еруін тездетеді. Ол сізге күш беру мақсатында емес, қара судың тәтті дәмін келтіру әрі шырышты улы заттардың еріп, сіздің табиғи сүзбеңіз (фильтр) – бүйректерден жеңіл өтуіне жағдай жасаудан туындайды. Ашығу кезінде бүйрек өте үлкен қызмет атқарады. Дистиллияцияланған су ішу керектігі де содан. Қай мерзімдік болмасын ашығу аяқталғанда ең әуелі үгітілген сәбіз бен туралған қырыққабаттан жасалған жас көкөніс салатын жеу керек. Ол ішектерді өте жақсы тазалайды. Ішек-қарын жолының жұмысын жандандырады. Салаттан кейін бұқтырылған жас қызанақ секілді қуырылған көкөніс тағамын жеген жөн. Ашығуды ет, сүт, сыр, май, балық, жаңғақ түрлерімен аяқтаудың және бастаудың дұрыс еместігі қатаң ескертіледі. Ашығу емі қабылданғаннан кейінгі алғашқы тамақ салат не қуырылған көкөніс өнімі болуы міндетті. Ет секілді басқа да тамақ түрлері содан кейін ғана біртіндеп барып қабылданады.

материал «Сенім және ақиқат» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: