Маккаи Мукаррамада орналасқан, әлемдегі ең әйгілі мұсылман орталығы боп табылған Рабитаи Алами әл-Ислами қарамағындағы Ислам Фиқһи Академиясының шешімдерін өздеріңізге ұсынудан бұрын Рабитаның мәжілісіне де, Фиқһи Академиясына да Саудияның бас мүфтиі шейх Абдулазиз Ибн Баз басшылық еткен және ол кісінің бірқатар әріптестері мүше болғанын білдіріп өтпекшіміз. Себебі мазһабты мойындамайтындардың көпшілігі осы кісілерге еретіндіктерін айтады. Біз осы дәлелдерді келтіріп өткеннен кейін олар насихаттап жүрген мазһаб мойындамайтындықтары қаншалықты дұрыс, бұрыс екендігі аян болады деген үміттеміз.
Тоғызыншы шешім: Ислам Фиқһи Академиясының һижри 1408 жылы болып өткен оныншы жылдық жиналыста қабылданған мазһабтар арасындағы фиқһи талас-тартыстар және мазһабқа қатып қалу жайында. Алланың жалғыз Өзіне мадақтар болсын. Өзінен кейін ешбір пайғамбар болмаған, мырзамыз және пайғамбарымыз Мұхаммедке салауаттар болсын. Амма бағд: Рабитаи Алами әл-Ислами жанындағы Ислам Фиқһи Академиясының кеңесі өзінің қасиетті Меккеде, 1408 һижри жылының сенбі күнінен 1408 һижри жылының 28 Сапар, (1987 жылдың 21 қазан айы) сәрсенбі күніне дейін болып өткен оныншы жылдық жиналысында мазһабтар арасындағы фиқһи қарама-қайшылықтар және кейбір мазһабтардың ерушілері жағынан туындаған шектен шығушылық, тіпті басқа мазһабтарға әрі олардың ғұламаларына тіл тигізуге дейін барған сұрықсыз, қатып қалу мәселесі қарастырылды. Жиналыста қазіргі кездегі жастардың ойлары мен көкейлеріне қондырылып жатқан қарама-қайшылықтар төңірегіндегі мәмілелер жайлы мәселе талқыланды. Көбіне сол жастар бұл мәміленің мағынасын да, негізін де білмейді. Нәтижеде кейбір адастырушылар, Ислам шариғаты біреу болса, оның негізі Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың сүннетімен бекем болған болса, не үшін мазһабтар қарама-қайшылық тудырады, не үшін олар бірікпейді, мұсылмандар неге бір мазһабты және бірдей шариғи жолды ұстанбайды, деп көпшілікті жолдан адастыруға әрекет етеді. Сондай-ақ, жиналыста бір нәрсеге қатып қалу және одан шығатын мәмілелерді, әсіресе бүгінгі күнде пайда болған жаңа ижтихадты жолды ұстануға шақырып жүрген, Ислам үмметі ерте ғасырлардан бері ұстанып келе жатқан ислами мазһабтарға және олардың ғұламаларына тіл тигізіп жатқан, кісілер арасындафитна (бүлік) салып жүрген қатерлі жаңа өрістер жайында да қаралды. Мәжіліс аталмыш мәселені, оның себептерін және одан туындайтын бүліктерді жан-жақты қарастырып, екі жаққа адастырушы және қатып қалушыларға төмендегі баяндаманы ескерту ретінде жолдауға шешім қабылдады.
Бірінші: мазһабтар қарама-қайшылығы жайында: Мұсылман елдеріндегі фикһи мазһабтар арасында кездесетін қарама-қайшылықтар екі түрлі:
1.Ақида жайындағы талас-тартыстар.
2.Фиқһтағы кейбір мәселелерге қатысты талас-тартыстар.
Бірінші: Сенімге қатысты қарама-қайшылықтар:
Бұл іс бұрындары Ислам жұртына бәле-апаттар алып келген, мұсылмандардыңқатарын бұзған және бөлінуге әкеп соқтырғанең үлкен қайғы. Бұл өте қатты өкінішке ұрындыратын және мұндай болмауы уәжіпболған іс. Ислам үмметі Алла Елшісінің (с.ғ.с) дәуіріндегі және әділетті халифалар кезеңіндегі тура және таза Ислам діні болған «Аһлисүннә уәл жамаға» мазһабында бекем болуы шарт. Бұл жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Сендерге менің сүннетімді және әділетті халифалардың сүннетін ұстану керек. Ендеше,оны мықтап ұстаңдар» деп бұйырған.
Екіншісі: Фиқһи мазһабтардың кейбір мәселелеріне қатысты қарама-қайшылықтар: Жағдайдың бұлай қалыптасуының өзіндік ғылыми себептері бар. Бұл нәрседе Алла Тағаланың үлкен хикметі, пенделеріне дегенмейірімі және шарғи дәлелдерден үкім шығаруға кең мүмкіншілігі бар екенін түсінуге болады. Сондай-ақ, бұл нәрсе бір нығмет және фиқһи-заңды байлық болып, Ислам үмметін діни және шарғи істерде кеңшілікке жеткізеді. Сонда ғана шариғат бір жақтығана болып, басқа мазһабқа өтуге болмайтындай бекітіліп, құрсауланып қалмайды. Қайта керісінше үмметке кей уақыттарда және кей істерде фақиһ имамдардың мазһабында таршылық болып жатса, басқа мазһабта кеңшілік, ыңғайлылық және жеңілдік табылады. Аталмыш нәрсе ғибадатқа, қарым-қатынасқа немесе отбасы, не болмаса қылмыстық істерге, сондай-ақ өмірдің басқа да жәйттеріне байланысты болуы мүмкін. Мазһабтардың осы екінші түрлі қарама-қайшылықтары – фиқһи таласып-тартысу болып саналады. Бұл дініміздің кемшілігі де, қарама-қайшылығы да емес. Мұндай қарама-қайшылықтың болмауы мүмкін емес. Өзінің толық фиқһи, ижтихадты тырысушылық және заңды жүйеге ие болған әрбір мазһабтың фиқһи ижтихадында (тырысуларында) қарама-қайшылықтың болмауы мүмкін емес. Егер біз өткен тарихымызға үңілер болсақ, мұндай қарама-қайшылықтардың туындауы заңдылық екенін түсінетін боларсыз. Себебі қолданыстағы негізгі дәлелдер көбіне бірнеше мағынаны қамтиды. Сондай-ақ, дәлел болуы мүмкін барлық жағдайларды 15 толық қамти алмайды. Кейбір ғұламаларымыз айтқандай, «дәлелдер шектелген, ал жағдайлар болса шектеусіз».Олай болатын болса, қиясқа жүгіну және үкімдердің әлсіздігіне, шариғаттың жалпы мақсатына назар салу және де оқиғалар менжаңа пайда болған мәселелерде оның үкімін жария қылу ләзім болады.
материал «Талас-тартыстар (Ихтиләфтар)» кітабынан алынды,
ummet.kz