03
Жұма,
Мамыр

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) «Мен – Ибраһимнің дұғасымын» дегенін қалай түсінеміз?

Пайғамбардың (с.ғ.с) «Мен – Ибраһимнің дұғасымын» дегенін қалай түсінеміз?

Ислам тарихы

Ибраһим пайғамбар бір кездері әйелі Ажарды құндақтағы сәбиімен бірге Қағбаның төңірегіне, сусыз шөлді мекенге Алланың әмірімен тастап кеткен болатын. Исмайылдың құрметіне ол жерде зәмзәм суы шығып, ел болып Ибраһим пайғамбардың ұрпағы көбейеді.

Күндердің күнінде Ибраһим пайғамбар баласымен ақылдасып, қасиетті Қағбаны қайта тұрғызбақ болады. Қағба қайта тұрғызуды қажет ететіндей мүжіліп кеткен болатын. Қағбаны қайта тұрғызуға білек сыбана кіріскен Ибраһим пайғамбар бір жағынан Алладан жалбарына дұға тілеп жүрді, өйткені мұндай қасиетті жерде дұғаның қабыл болатынын жақсы білетін. Жаратушыға:

«Уа, Раббымыз! Оларға өз араларынан Өзіңнің аяттарыңды оқып, ашып түсіндіретін, Кітап пен хикметті үйрететін (яғни кітаптағы иләһи пәрмендер мен тыйымдардың хикметін һәм жаратылыс пен құбылыстардың мән-мақсатын ұғындыратын) және оларды (күнә атаулыдан) арылтып тазартатын елші жібергейсің! Шүбәсіз, Сен ұлысың, бәрінен үстемсің һәм (әр ісің мен әрбір үкімің көптеген хикметтерге толы болған) асқан даналық иесісің»9 деп дұға еткен болатын. Бұл дұғасының қабыл болуының көрінісі жүздеген жылдардан кейін Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбар болып дүниеге келуі еді, өйткені Ибраһим пайғамбардың баласы Исмайылдың ұрпағынан тек Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардан басқа пайғамбар келген емес. Дұғаның іске асуы үшін кейде бірнеше жылдарды қажет етуі мүмкін. Ибраһим пайғамбардың тілеген елшісі жүздеген жылдардан кейін келді. Ол – біздің Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.). Осыған байланысты бір күні сахабалардың бірі Алла елшісінен: «Бізге өзіңіз жайлы айтып берсеңіз», – деп өтінеді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): «Мен – Ибраһимнің дұғасы, әзірет Исаның сүйіншісімін», – деген.

Шынайы тіленген дұға қашан да қабыл болатыны белгілі. Кейде асығыстық жасап, дұға жасадық, дұғамыз қабыл болмады деп, тілеген дұғамыздың дереу бола салғанын қалаймыз. Алайда Ибраһим пайғамбардың дұға тілегенінен кейін ғасырлар өтіп, бірнеше ұрпағынан кейін пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) дүниеге келді.

Мұсылман үмбеті әзірет Ибраһимге (а.с.) алғысын білдіріп, әрбір намазының соңында Ибраһимге, оның ұрпағына береке тілеп, салауат айтады.

материал «Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: