13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Балиғат жасы қалай анықталады?

Балиғат жасы қалай анықталады?

Ислам тарихы

Мұсылман ғалымдарының көпшілігі қыз балалардың 9-15 жас аралығында, ал ұл балалардың 12-15 жас аралығында балиғат жасына толатынын айтады.

Балиғат шағына аяқ басу ер балалардың жыныстық жетілу (ұрықтың бөліне бастауы) кезінен басталса, қыз балаларда әйел затына тән етеккірдің келген кезінен басталады. Бұны «әдеттегі балиғат кезеңі» деп атайды. Ал кейде ер бала мен қыз бала жоғарыда аталған жастан асып кеткен жағдайда да бойларынан әлгі айтылған ерекшеліктер байқалмаса, олар «үкімдік тұрғыдан балиғатқа толғандар» деп аталып, балиғат жасына аяқ басқан болып саналады. Үкімдік тұрғыдан балиғат жасы ер бала үшін де, қыз бала үшін де 15 жас болып белгіленген.

Әдетте, балиғат жасына толған адамның белгілі бір дәрежеде ақыл-ойы толысады. Адамның ақыл-есінің дұрыстығы ешқандай күмән тудырмаса, мұндай кісі діни тұрғыдан жауапкершілік иесі болып саналады. Діни бұйрықтарды орындауға міндетті кісі ауызша түрде де, жазбаша түрде де құқықтық міндеттемелерінен жауапты болып саналады. Діни әрі қоғамдық жауапкершілігімен қоса, қылмыс жасаған жағдайда оны өз мойнымен көтереді. Егер кісі балиғат жасына толғанымен қаржылық міндеттемелерін толыққанды орындай алмаса, оның кейбір қаржылық құқықтарына шектеулер қойылады. Алайда діни әрі қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды.

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: