29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Бараат түні жасауға тыйым салынған амалдар

Бараат түні жасауға тыйым салынған амалдар

Ислам тарихы

Бараат түні – мұсылмандар үшін ерекеше түн. Сондықтан да осы түнді Аллаға толықтай мойұсынған күйде өткізу қажет. Әрі Алланың алдында ұнамсыз амалдардан тиылу қажет.

Дегенмен әрбір мұсылман әр кезде күнәлі істерден аулақ болуы қажет. Осындай түндері күнәлі іс жасау үлкен қылмыс әрі Алла Тағалаға бойұсынудан бас тартқандық болып саналады. Мұндай амал Алланың қаһарына ұшыратады. Сондықтан да барынша күнәлі істерден тиылуымыз қажет, асылында осы түнгі жасалған күнәлар бұл түннің барлық нығыметінен құр қалдырады. 

Кейбір жандар осы түнді атап өту мақсатында еркеше тағамдар әзірлеп, үй ішін я болмаса мешітті безендіріп жатады. Бұл амалдардың барлығы негісіз болып қана қоймай, дінсіз адамдардың ойлап тапқан амалдары. Бұл соларға еліктеу болып табылады. Еліктеудің бұл түрі күнә болып есептеледі, ал оны осындай қасиетті түнде жасау күнәні ауырлатуы ықтимал. Мұсылмандар бұл амалдан аулақ болулары қажет.

Кейбір адамдар бір жерге жиналып діни жиын өткізіп, ұзақ сабақтар оқиды. Мұндай амалдарды атқарудың қажеті жоқ. Бұл түні тек қана құлшылық, ғибадатта болған абзал.

Намаз, Құран оқу және зікір деген секілді құлшылықтарды топпен емес, жеке орындау қажет. Нәпіл намаз жамағатпен оқылмайды. Және де бұл түнді атап өті үшін жамағатты мешітке жинаудың қажеті жоқ.

Керісінше бұл түні Алла Тағаламен жеке қалудың жолын қарастыру қажет. Бұл уақыт әлемдердің Раббысымен тікелей байланысып және де Оған ғана уақыт, Оған ғана көңіл бөлетін кез. Бұл түннің қымбат сағаттарында Жаратушы мен Оның құлының арасында ешкім болмауы тиіс. Әрі Алла Тағалаға ықыласпен, яғни ешнәрсеге алаңдамастан ғибадат қылу керек. Сондықтан да Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл түнді ешкімнің қатысынсыз тіпті жары Айшаның (оған Алла разы болсын) қатысынсыз өткізген. Сол себепті де рұқсат етілген нәпіл ғибадаттар жамағатпен емес, жеке атқарылады.

ummet.kz


Бөлісу: