30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Хадишадан (р.анһа) кейін Ислам тарихында алғаш намаз оқыған адам

Хадишадан (р.анһа) кейін Ислам тарихында алғаш намаз оқыған адам

Ислам тарихы

Әзірет Али (р.а.) – әзірет Хадишадан (р.анһа) кейін Ислам тарихында алғаш намаз оқыған адам.

Алла елшісі (с.а.с.) намаз уақыты келгенде Меккенің маңайындағы Нәхләға жақын Дуб ойпатына баратын. Әзірет Али де әкесінен, ағаларынан және өзге де бауырларынан жасырынып, онымен бірге баратын. Онда намаз оқып, қас қарая қайтатын. Осылай құлшылық етіп жүрді.

Тағы бір күні әзірет Али 9-10 жастарында Меккенің Дуб ойпатындағы Батын Нәхләда Алла елшісіне ұйып екінті намазын оқып тұрғанда, оларды Әбу Талиб байқап қалады. Бұл көріністі алғаш көрген Әбу Талиб Алла елшісінен:

– Уа, бауырымның ұлы! Сен құлшылық жасаған қандай дін? – деп сұрады. Адамзаттың Ардақтысы:

– Уа, ағатайым! Бұл Алланың, періштелерінің, пайғамбарларының және атамыз Ибраһимнің діні. Алла мені құлдарына пайғамбар етіп жіберді. Насихат жасауға шамам келетін және шақырған адамдарымның арасында бұған ең лайығы сенсің. Мені қолдап, бұл істе маған жәрдем беруге құқылы адам да өзіңсің, – деді. Сонда Әбу Талиб:

– Уа, бауырымның ұлы! Мен ата-бабамның дінін тастай алмаймын. Бірақ Алланың атымен ант етемін! Мен тірі тұрғанда саған ешкім де зиян тигізе алмайды, – деп қабылдамаса да, қолдайтынын білдіреді.

Сонда әзірет Али:

– Әке! Мен Алла мен оның елшісіне иман еттім. Оның әкелгендерін қолдадым. Алла разылығы үшін онымен бірге намаз оқыдым, оған бағындым, – деді. Әбу Талиб:

– Бауырымның ұлы Мұхаммедтің сөзін тыңда. Өйткені ол сені ешқашан жамандыққа шақырмайды, – деп рұқсатын береді.

материал «Халифа Али Муртада (радиаллаһу анһ)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: