29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Иғтикаф қанша уақытқа дейін созылады?

Иғтикаф қанша уақытқа дейін созылады?

Ислам тарихы

Уәжіп иғтикафтың ең аз уақытын имам Әбу Ханифа бір күн деп көрсеткен.

Өйткені уәжіп иғтикафта ораза ұстау шарт. Ал, оразаның ең кемі бір күн. Соған сай уәжіп иғтикафтың да ең аз уақыты бір күн (Абдуллаһ ибн Махмуд ибн Маудуд әл-Маусыли әл-Ханафи, «әл-Ихтияр ли таълилилМухтар», 137 б.). Ал нәпіл (уәжіптен өзге) иғтикафтың ең аз уақыты имам Мұхаммедтің (Алла оны рақымына алсын) «Асыл» деп аталатын еңбегінде (бір күннен) аз бір уақыт екендігі баяндалған ( Шахзада Дамад Әфәнди, «Мәжмаъул-әнһур фи шәрхи мултақал-әбхур», І том, 377 б.). Тіпті Ханафи мәзһабында пәтуаға негіз болған көзқарас бойынша отырмай түрегеп жүріп те нәпіл иғтикаф жасауға болады (Әбу Зәйд Шәләби, «әлМифтах шәрху нурил-идах», 138 б.).

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: