16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Иғтикафтың түрлері мен шарттары

Иғтикафтың түрлері мен шарттары

Ислам тарихы

Иғтикаф – уәжіп, бекітілген сүннет және мұстахаб болып бөлінеді.

Нәзір етілген (иғтикафқа кіремін деп сөз берген) иғтикаф – уәжіп. Рамазанның соңғы он күндігіндегі иғтикаф – бекітілген сүннет (муәккада) және басқа бір уақытта ғибадат ниетімен мешітте бір мезгіл иғтикафта болу – мұстахаб.

Кез келген ғибадаттың өзіндік шарттары бар болғаны секілді иғтикафтың да шарттары бар. Олар:

1. Мұсылман, ақыл-есі түзу және таза болуы керек;

2. Ғұсылы жоқ адам мешіттен шығып тазаланып келуі тиіс;

3. Иғтикафқа кіру үшін ниет етуі қажет. Ниетсіз иғтикаф саналмайды;

4. Иғтикаф мешіт немесе соған ұқсас жерде болуы керек. Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): «Иғтикаф жамағатпен намаз оқылатын жерде ғана жасалады», – деген. Ал әйелдер өз үйінің бір бөлмесін мешіт етіп, сол жерде иғтикафта отыра алады;

5. Уәжіп иғтикафқа кірген адамның аузы берік болуы керек. Қателесіп аузын ашуы иғтикафқа кері әсерін тигізбейді. Сүннет иғтикафта ораза шарт емес. Иғтикафқа отырғысы келген әйел әуелі күйеуінен рұқсат алуы тиіс.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: