17
Жұма,
Мамыр

һижри

Қадір түніндегі құлшылықтар

Қадір түніндегі құлшылықтар

Ислам тарихы

Қадір түнінде жасалған дұға-тілектер қабыл болады.

Абдулла ибн Омардың (р.а.) риуаят еткен хадисінде Алла елшісі (с.ғ.с.): «Мына төрт түні жасалған дұғалар кері қайтарылмайды. Олар: ережеп айының алғашқы түні, шағбан айының ортасы (бәраат түні), қадір түні және айттың бірінші күні» деген.

Айша (р.а.) анамыз пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) Қадір түні қалай дұға етемін деп сұрағанда Алла елшісі (с.ғ.м.): «Уа, Раббым, Сен, әрине, кешірімдісің, жомартсың. Кешірімді жақсы көресің, мені де кешіре гөр!» деп дұға ет дейді.

Алла Тағала адам баласын Өзіне құлшылық етсін деп қана жаратқан. Олай болса, мың түннен қайырлы бұл түнде түрлі ғибадат жасап, нәпіл намаз оқып, Аллаға жақындататын іс жасаған абзал.

Расулалла (с.ғ.с.): «Кімде-кім қадір түнінің артықшылығына сеніп, Алла Тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі» дейді.

Құран оқу, өзі үшін, әке-шешесі үшін, туған-туыстары мен барша мұсылмандар үшін дұға ету, күнәларынан тәубе ету, уағыз-насихат тыңдау Алла Тағаланың кешірімі мен мейіріміне апарар төте жол болмақ.

материал «Ораза – теңдессіз құлшылық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: