17
Жұма,
Мамыр

һижри

Құлшылықтағы ихсанның мәні

Құлшылықтағы ихсанның мәні

Ислам тарихы

Ихсан – адамның өмірге жаратылған негізгі мақсаттарының бірі.

Ал, құлшылықтағы ихсан – дініміз талап еткен құлшылықтардың қайсысын да ең көркем түрде атқару дегенді білдіреді. Омардан (р.а) жеткен хадисте Жәбірейіл періште Пайғамбарымыздан (с.ғ.с): «Маған енді ихсан жайында хабар бер», - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ол сенің Аллаға Оны көріп тұрғандай құлшылық қылуың, егер оны көріп тұрғандай бола алмасаң, Ол сені көріп тұр (деп құлшылық қылуың)», - деп жауап береді. Бұл хадистен, құлшылықтағы ихсанның екі дәрежесі болатындығын түсінеміз.

А) Алла Тағаланы көріп тұрғандай құлшылық қылу;

Ә) «Ала мені көріп тұр» деп құлшылық қылу.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: