02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Мұсылман харамнан қалай арыла алады?

Мұсылман харамнан қалай арыла алады?

Ислам тарихы

Егер мұсылман қолына түскен ақшаның иесі кім екенін білуге немесе ол адамды табуға мүмкіндігі болмаса, садақа ретінде таратып беру арқылы ғана ол ақшадан құтыла алады, ал сауабы ақшаның иесіне барады.

Мәлік ибн Динар: «(Бір күні) мен Ата ибн Әбу Рабахқа қолында харам ақшасы бар, бірақ оның кімдікі екенін білмейтін және одан құтылуды қалайтын адам туралы сұрақ бердім, (сонда) ол: «Ондай ақшаны садақа ретінде үлестіру, бірақ одан ол сауап алады демеймін», - деп жауап берді», - деген.

Сондай-ақ, харам ақша туралы Шафиғидың (Алла оған рақым етсін): «Ондай ақшаны таратып берудің қажеті аз, иесі табылғанша сақтасын», - деген пікірі де белгілі. Яғни ол ондай ақшаны таратпау керек, оны құқылы адамның кім екені анықталғанша сақтаған жөн деп есептейді.

Фудайл ибн Ғиадтың пікірінше, қолында харам ақшасы бар адам оның иесінің кім екендігін білмесе, садақа ретінде таратпай, теңізге лақтырып немесе басқа жолмен көзін жойып жіберген дұрыс. Өйткені пенде Аллаға жақсы нәрселермен ғана жақын бола алады.

Ал Ибн Ражаб: «Ондай ақшаны садақа ретінде таратып беру дұрыс. Өйткені ақшаны жойып жіберу немесе босқа ысырап ету дұрыс емес, ал текке сақтау оны жойғанмен немесе оған бір зорлықшылдың ие болуымен бірдей. Ол ақша – иесіне ақыретте пайда келтіруі үшін ақшаның иесі атынан таратылатын садақадан басқа ешнәрсе емес. Өйткені ол ақшасын бұл дүниеде пайдалана алмайды», - деген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: