06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Харамнан сақтанудың төрт түрлі дәрежесі

Харамнан сақтанудың төрт түрлі дәрежесі

Ислам тарихы

Имам Ғазали халал мен харамның өз ішінде әртүрлі дәрежелері бар екендігін айтып, харамнан сақтанудың төрт түрлі дәрежесін келтіреді:

1. Әділ кісілердің тақуалығы: Фақиһтардың пәтуаларында анық айтылған харам нәрселерден аулақ жүреді. Әйтпесе бұл нәрселерді рұқсат деген кісі пасық болатындықтан, әділеттілік сипатынан ажырайды. Ал мұны мүлдем жоққа шығарған адам жәһаннамға лайық болады.

2. Ізгі кісілердің тақуалығы: Жалпы күмәнді нәрселердің бәрінен алыс болады. Ғалымдар мәселенің сыртқы көрінісіне қарап пәтуа береді, ал оның ішінде аз да болсын харам араласу ықтималы болса, мұндай нәрседен ізгі кісілер сақтанады. Ғазали жалпы алғанда күмәнді нәрселерден сақтанудың мустахаб екендігін айтса да, кейбір күмәнді нәрселерге харам дәрежесінде қарау қажет болатынын, одан сақтану уәжіп болатынын ескерткен.

3. Яқин иман иелерінің тақуалығы: Харам деп те, халал деп те үкім берілмеген күмәнді нәрселерден сақтанады.

4. Сыддықтардың тақуалығы: Жасаса ешбір айыбы жоқ нәрселер мен жасалса айып саналатын істердің өзін тәрк етеді. Бұл деңгейдегі жандар Алла үшін жасалмаған істердің бәрінен тыйылады. Олардың бір ғана ұлы мақсаты бар: ол – Алланың разылығына қол жеткізу.

материал «Адал ас» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: