25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Тозақтықтар деген кімдер?

Тозақтықтар деген кімдер?

Ислам тарихы

Тозаққа түсетін адамдар – жәһаннамға лайық адамдар деген сөз. Оларға Құранда айтылғаны бойынша, Аллаға серік қосқандар («Ниса» сүресі, 116-аят) жатады.

Аллаға сенбегендер тозақта мәңгі қалады. Түйе қалай иненің тесігінен өтпейтін болса, Аллаға серік қосқандар да солай тозақтан шығарылмайды («Араф» сүресі, 40-аят).

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) айтуынша тозаққа баратындар – дөрекі, сараң әрі тәкаппарлар. Тозақ оттан тұрады. Тағамдар, сусындар, жемістер, барлық заттар сол жерде өндіріледі. Киімдер, әшекей заттар, аяқ киімдер оттан немесе шайырдан болады. Осы бұрқ-сарқ қайнаған жерден шықпайтын тозақтықтар бірнеше топқа бөлінеді. Олардың бір бөлігін от тобықтарына дейін өртесе, екінші бір беліне дейін жақса, бір бөлігін бұғана сүйегіне дейін жатады.

Тозақтықтар беске бөлінеді:

Ақылы кем әлсіз пенделер. Олар әрдайым адамдар арасында кездеседі. Олар ешқандай мал-мүлікке тәуелді емес.

Сараңдығын, ашкөздігін көрсетпейтін сатқын адамдар.

Сәті түссе алдауға дайын тұратын адамдар.

Сараңдар мен өтірікшілер.

Жаман мінезді, дөрекі сөзді адамдар.

Өзіне қол салған адамның да тозаққа баратындығы туралы айтылады.

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: