29
Жұма,
Наурыз

һижри

Мүмин деген кім? Мұнафық деген кім?

Мүмин деген кім? Мұнафық деген кім?

Ислам тарихы

Пайғамбарымыздан (с.ғ.с): «Мүмин деген кім, мұнафық деген кім?», - деп сұрағанда, Пайғамбарымыз:

«Мүмин намаз оқиды, ораза ұстайды. Мұнафық болса, хайуандай жеп-ішеді, намаз оқымайды және Алла бұйырған әдеп-ахлаққа кереғар іс жасайды. Мүмин пенде қиналып жатқандарға жәрдем берумен және Алладан кешірім сұраумен әлек болады. Мұнафық болса нәпсінің жетегінде ашкөздікпен жан-жаққа жүгіре береді. Мүмин Аллаға ғана сенеді. Мұнафық болса Алладан басқа барлық нәрсеге сенгенмен Аллаға тәуекел ете алмайды. Мүмин дінін мал-мүлікке сатпайды. Мұнафық болса дінін ақшаға сатады. Ол үшін мал-мүлік діннен де, иманнан да жоғары тұрады. Мүмин Алладан басқа ешкімнен қорықпайды. Мұнафық болса, Алладан басқа әркімнен қорқа береді. Мүмин күнәдан сақтанады, Алла үшін көз жасын төгеді. Мұнафық болса күнәдан тыйылмай, емін-еркін жүре береді. Мүмин жалғыз қалып, Аллаға болған сүйіспеншілігін күшейтуді жақсы көреді. Мұнафық жалғыздықты жақсы көрмей, әрдайым басқалармен араласып жүргісі келеді. Мүмин түзетуді жақсы көреді, жамандықтан тыйылады. Мұнафық болса жамандықты жақсы көреді. Мүмин Алла бұйырғаны үшін жамандықтарды тоқтатып, ізгі істерді қылуға ұмтылады. Мұнафық болса өз пайдасын ғана көздейді. Тіпті жаман істерге шақырып, жақсы істерге бөгет болады».

материал «Жүрек сырлары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: