20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Тәубе шынайы болуы үшін орындалатын шарттар

Тәубе шынайы болуы үшін орындалатын шарттар

Ислам тарихы

Ибн Аббас (Алла әкесі екеуіне разы болсын) риуаят етеді:

Пайғамбар (с.а.с.) құдси хадисте: «Алла Тағала жақсылықтар мен жамандықтарды жазып, кейін оларды анықтайды. Кімде-кім бір жақсылыққа ниеттеніп, оны істемесе де, Аллаһ тағала оған толық бір жақсылық (яғни сауап) жазады. Ал егер ниеттеніп, істесе, Алла оннан жеті жүзге дейін немесе одан да көп есе жақсылық жазады. Ал кім бір жамандыққа ниеттеніп, оны істемесе, Алла Тағала оған да толық бір жақсылық жазады. Ал ниеттеніп, істесе, Алла Тағала оған бір жамандық (яғни күнә) жазады», – деген.

Осы қағидадан туындайтын тағы бір қағида – жамандықтардың жақсылықтарға ауыстырылуы. Егер біреу бір жамандық жасап қойып, соңынан шынайы тәубе қылса, Алла Тағала оның жамандығын жақсылыққа ауыстырады. Бірақ тәубе шынайы болуы үшін оның өзіндік белгілі бір шарттары бар:

1) Күнәдан дер кезінде тыйылу;

2) Істеген ісі үшін өкініп, пұшайман болу;

3) Істеген ісі үшін Алладан кешірім сұрау;

4) Ондай істі қайталамауға нақты шешім қабылдау.

Демек, кімде-кім бір күнә істеп, сосын шын ниетімен тәубеге келсе, (Алла қаласа), Ақыретте сол күнәсін жақсылық ретінде табады.

материал «Ақырет өткелдері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: